Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен есептік кездесулері аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және саланың басқа да басшылары Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Онда өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шаралар талқыланып, фермерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Министр бастаған делегация өкілдері бірқатар шаруашылықтың және сүт өнімдерін өндіретін «Эмиль» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Компания биыл «Агробизнес» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған. Кәсіпорын 120-дан астам сүт өнімдері мен 70-тен астам балмұздақ түрін шығарады. 2025-жылдың 9-қазаны күні делегация Қостанай облысына барып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі.
05.01.2026 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» Қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер Холдингтің барлық еншілес компанияларына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады.