Қайырлы күн!
Құрметті Алишер Адилович!
Жастарға арналған жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасының шарттары мен ережелері әлі толық бекітілмеген. Осы себепті несие алу үшін өтінім қабылдау әзірге басталған жоқ. Құжаттар ақпан айының соңы, наурыз айының басында қабылданады деп күтілуде.
Бағдарламаның жалпы шарттары келесідей:
Несие сомасы – 5 млн. теңгеге дейін;
Несие мерзімі – 7 жыл (ауыл шаруашылық бизнес түрлеріне), 5 жыл (ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлеріне);
Сыйақы мөлшерлемесі 2,5%.
Жастарға арналған бағдарламаның шарттары мен ережелері толық бекітілген соң, несие алуға өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент немесе Түркістан қаласында орналасқан филиалдарына жүгіну қажет. Мекен-жайы:
- Шымкент қаласы бойынша филиалы: Шымкент қ., Қонаев данғылы 3/3, тел.+7(701) 006 13 08.
- Түркістан облысы бойынша филиалы: Түркістан қ., Б.Саттарханов к., 33Б, тел.+7(747) 530 50 02.
Сәлеметсіз бе.
Корпорацияның аймақтардағы филиалдары қызметін облыс және қала шегінде жүзеге асырады. Яғни, бизнес нысаны орналасқан аймақта жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кіріс органында тіркеліп, бизнесіңізді ашу үшін Корпорацияның сол аймақтағы филиалына жүгінгеніңіз жөн.
Түркістан облысындағы филиалымыздың мекен-жайы: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов көшесі, 33-б үй. Телефон: 8 701 006 13 15, 8 701 006 13 17. Е-mail: info-turkestan@agrocredit.kz
Алматы облысындағы филиалымыз Алматы қаласы, Медеу ауданы, Абай көшесі, 8г/7 мекен-жайында орналасқан. Телефоны: 701 006 15 59. Е-mail: info-almaty@agrocredit.kz
2022 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін» бекітті. Онда жастарға шағын несие беру шарттары көрсетілген.
Қазіргі таңда жастар несиесін қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде – мысалы, Аграрлық несие корпорациясын сенімді (агент) ретінде бекіту, жұмыстарды тапсыру келісім-шарттың жобасын әзірлеу, қаржыны облыстық бюджеттерге аудару, т.б.
Несие алу үшін өтінім қабылдау ақпан айының соңы, наурыз айының басында басталады деп жоспарлануда. Өтінім қабылдау басталғаны туралы ақпаратты сайтымызда және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлайтын боламыз.
Жастарға арналған несие туралы толық ақпаратты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалынан ала аласыз. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 13-а. Телефон: 8 701 006 16 46 Е-mail: info-atyrau@agrocredit.kz
Мал шаруашылығына 5 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Өтініш беру үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Шаруа қожалық / Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген куәліктің көшірмесі;
2) ШҚ/ЖК басшысының жеке куәлігінің көшірмесі, Шаруа қожалықтың барлық мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері; (егер құрамында бірнеше адам болған жағдайда);
3) Шаруа қожалығын жүргiзу үшiн жеке меншiк құқығында немесе уақытша өтелетiн жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн (лерiн) беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi, жер учаскесiн (лерiн) жалдау (сатып алу-сату) шарты және жеке меншiк немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығы актiсiнің көшірмесі;
4) Қолда бар барлық малға (егер бар болса) мал басы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
5) Аудандық ветеринария инспекторынан малдың (егер бар болса) ветеринариялық-санитарлық саулығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
6) Мал шаруашылығындағы ақпараттық жүйелер ведомосі (егер бар болса, округтің мал дәрігері ұсынады) (ИСЖ);
7) Алаңы, бөлінуі көрсетілген мал қораларының болуы туралы анықтама (бар болған жағдайда);
8) Қолда бар техникаға арналған құжаттар (техникалық паспорттар), болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органдардан анықтама (егер бар болса);
9) Есепті тапсыру туралы Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жылдағы салық декларациясының көшірмесі немесе электрондық растау (2021 ж.);
10) Қызмет көрсетуші банктің анықтамасы, онда:
- шоттардың болуы туралы,
- несие / Мерзімі өткен берешек,
- айдың басындағы және аяғындағы, соңғы 12 айдағы кіріс және шығыс ақша қалдығы көрсетілген айналымдарда,
- к-2 бойынша берешектің болуы/болмауы туралы ақпарат көрсетілуі керек;
11) Қарыз алушыда салық қызметі органдары берген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама( cabinet.salyk.kz);
12) Бизнес – жоспар немесе қарыз берушінің кредиттік қабілеттілігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін растайтын құжаттары бар қарыз берудің техникалық-экономикалық негіздемесі (мөрмен, қолтаңбалармен куәландыру және), төмендегілермен шектелмей, мынадай мәліметтерді көздейді:
- кредитті пайдалану мақсаттары көрсетілген қызметтің сипаттамасы;
- қарыз алушының өткізу нарықтары мен маркетингтік стратегиясы;
- тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;
- жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспар (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес жоспарды қаржыландыру және кредитті өтеу көздері мен көлемдері) және шығыстар сметасы;
13) Зейнетақы қорынан үзінді көшірме (сайт https://egov.kz);
14) Сатып алынатын малға ниет білдіру шарты (сатушымен клиент арасында);
15) Сатушының жеке куәлігі;
16) Мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі (ИСЖ), сатушының малының саулығы туралы анықтама.
Толық ақпаратты Маңғыстау облысы бойынша филиалымыздан ала аласыз.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 29 шағын аудан, №225 ғимарат, 3 қабат.
Телефон: 8 701 006 13 18
Е-mail: info-aktau@agrocredit.kz
Сәлеметсіз бе, құрметті Куралай Бекежановна!
Қоғамның ішкі нормативтік кұжаттарына сәйкес:
Қарыз алушының соңғы 24 (жиырма төрт) айда 180 (бір жүз сексен) күннен астам үзіліссіз мерзімі бар, мерзімі өткен міндеттемелері және мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.
Жоғары айтылған талаптарға сәйкес, Сіздің несие тарихыңызда соңғы 24 (жиырма төрт) айда 180 (бір жүз сексен) күннен астам үзіліссіз мерзімі бар, мерзімі өткен міндеттемелер және мерзімі өткен берешек болмаған жағдайда және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның кепіл саясатына сәйкес келетін мүлік қойсаңыз және мүлкіңіздің кепіл бағасы сұрап отырған несие соммасын толығымен қамтитын болса, несие алуға мүмкіндігіңіз бар. Несие бағдарламасының басқа да талаптарына сәйкес болуыңыз қажет екенін қоса хабарлаймыз.
Толық ақпарат алу үшін Қоғамның Жетісу облысы бойынша филиалының несие бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, тел.: 8 7282 55 86 51. Мекен-жайы: Талдықорған қ., Көктем ы/а, 10 ғимарат, 8-қабат.