Телефон доверия +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - телефон доверия (для сообщений о коррупционных и мошеннических действиях, анонимность гарантируется)
График работы: с 9-00 до 18-30, перерыв: с 13-00 до 14-30.
Сб, вск – выходные дни.

Электронная почта Руководителя Антикоррупционной комплаенс-службы Салыков Т.Ж: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Кауымбаева Эльмира Ануарбековна
28.03.2024 00:00:00
Құрметті Алмат Бүркітбайұлы! Кредит алу үшін кепілдікке қандай мүліктерді қоюға болатынын өзіңізден нақтылап сұрағым келеді. Тек қана үй, пәтер қою керек пе, әлде жер немесе қолдағы малымызды кепіл ретінде қоя аламыз ба? Жайылымдық жерлер мен малды кепіл зат ретінде қарастырсаңыздар деген өтінішім бар. Осы өтінішім бойынша толық жауап береді деп үміттенемін.
28.03.2024 00:00:00
Сәлеметсіз бе! Жекеменшік немесе ұзақ мерзімге жалға алған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін (арендалар) кепілге қою мәселесі қарастырылған. Мәселен, егістік жерлер, жайылымдық жерлер, қоршауы бар суармалы жайылымдық жерлер, инженерлік жүйесі бар жерлерді (бақ) кепіл ретінде қоя аласыз.
Сонымен қатар, сақтандыралған сиыр, қой, жылқы, түйе малдарын да кепілге қоюға болады.
Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлік ретінде пәтерлерді, тұрғын үйлерді, коммерциялық жылжымайтын мүліктерді, фермаларды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын нысандарды (далалық диірмен, элеватор, мех.ток, цех, қойма және т.б.) қоюға болады.
Жабдық пен техникадан жеңіл автокөлікті, арнайы техникаларды (Экскаватор, жүк тиегіш, автокран және т.б.), ауыл шаруашылығы техникаларын да (комбайн, трактор және т.б.). кепілге қоя аласыздар.
Кепілге қандай мүліктерді қоюға болатыны туралы толық ақпаратты Аграрлық несие корпорациясының ресми сайтынан және әлеуметтік желілерінен оқи аласыз.
Мажитова Алия Канапияновна
21.03.2024 00:00:00
Добрый день. Хотела бы узнать, на данный момент квартира в которой я проживаю находится у вас в залоге , в связи с разводом,хотели переоформить данную квартиру на меня и так же опять оставить у вас в залоге до погашения кредита , что для этого необходимо ? Во многих банках выдают залог на переоформление и заново вводят в состав залогового имущества . Просьба помочь в данном вопросе .
21.03.2024 00:00:00
Добрый день! Переоформление права собственности на имя третьих лиц возможна при условии одобрения уполномоченным органом кредитора без снятия наложенного ранее обременения на залоговое имущество. Вам необходимо обратиться с заявлением в филиал где оформляли кредит с подробным описанием Вашей ситуации. В установленные сроки наши специалисты рассмотрят Ваше обращение и примут соответствующее решение.
Исмаилова Ұлдана Төлегенқызы
06.03.2024 00:00:00
Құрметті Алмат Бүркітбайұлы!! Мен жалғызбасты 4 баланың анасымын.2019 жылы ЖШС "Финпомощь" арқылы .үйімді кепілдемеге қойып несие алған болатынмын.2022 жылы жабылды.Алайда үйімнің құжатын алалмай жатырмын АКК Қызылорда филиалынан. Өзім, қызым екеумізде учетта тұрамыз.АКК ның сұраған құжаттарын (выписка төленген жөнінде, анықтама жабылған жөнінде) түгел өткізгенмін. Сізде барлық үмітім.
06.03.2024 00:00:00
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (әрі қарай -Корпорация) Қызылорда облысы бойынша филиалы Сіздің 14 желтоқсан 2023 жылғы өтінішіңізге төмендегідей хабарлайды. 2017-2021 ж.ж. арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасының аясында, соңғы қарыз алушыларды несиелендіру мақсатында, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Несие беруші деп аталатын бір жағынан "Микрофинансовая организация "ФинПомощь" ЖШС-і Қарыз алушы деп аталатын екінші жағынан бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 10.07.2019 жылғы №376-КЗ-ДКЗ негіздемелік келісімі (бұдан әрі – Келісім) жасалған. Аталған Келісімге сәйкес, қарыз алушыға 130 000 000 (бір жүз отыз миллион) теңгеге 26.02.2026 жылға дейін несие желісі ашылған. Несие желісін толық қамтамасыз ету үшін, Корпорация Кепіл ұстаушы деп аталатын бірінші тараптан, Исмаилова Ұлдан Төлегенқызы Кепіл беруші деп аталатын екінші тараптан және Борышкер деп аталатын Микрофинансовая организация "ФинПомощь" ЖШС-і 10.07.2019 жылғы №376-КЗ-ДКЗ-17 санды кепіл шартын (әрі қарай - Кепіл шарты) жасасты. Аталған кепіл шартының 1.1 тармағына сәйкес, Несие желісін ашу туралы 2019 жылғы 10 шілде №376-КЗ-ДКЗ Негіздемелік келісім бойынша және барлық қосымша келісімдер мен оған қосымшалар бойынша Кепіл ұстаушы алдындағы міндеттемелердің толық көлемде тиісті орындалуын қамтамасыз ету ретінде, Кепіл беруші осы Шартта көрсетілген тәртіп пен талаптар бойынша меншік құқығында тиесілі не иелігіне тапсырылған Кепіл берушінің мүлігін мәжбүрлеп соттан тыс іске асыру құқығымен Кепіл ұстаушыға кепілге тапсырады. Кепіл шарттың 5.3 тармағына сәйкес, осы шарттың қолданысы Борышкер Негіздемелік келісім бойынша барлық міндеттемелерін орындаған кезден бастап және Кепіл ұстаушының барлық заңды талаптарын қанағаттандырған соң тоқтатылады. Кепіл шартының 1.7 тармағына сәйкес, кепіл беруші негіздемелік келісім бойынша барлық міндеттемелерді толық орындағанға дейін оның ішінде негіздемелік келісімнің қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін де, кепіл ұстаушыға сақтауға тапсырылады делінген. Осыған орай, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Ағыбай батыр көшесі №12 үйді кепілден босату туралы өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген шарттардың талаптарына қайшы келeуіне байланысты қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ екенің жеткіземіз . Сіздің көтерген сұрағыңыз маңызды, филиал өз тарапынан Сізбен ынтымақтастық орната отырып, Корпорацияның ішкі ережесіне және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін хабарлайды. Сондай–ақ, егер Сіз берілген жауапқа қанағаттанбасаныз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде қаралған тәртіпте шағымдануызға құқылы екеніңізді қосымша жеткіземіз.
Қырман Серік Ертайұлы
05.03.2024 00:00:00
Ассалаумағалейкум менин агро корпорациясына кредитимди просрочка болып төлей алмай калдым өзім стойкада жумыс жасаймын бирде болады бирде болмайтын жумыс сол ушин жаңадан график шығарып берулеринизди сураймын
05.03.2024 00:00:00
Сәлеметсіз бе! 2021 жылы сізге мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2 500 000 теңге мемлекеттік бағдарлама негізінде жеңілдетілген, яғни төмен пайызбен несие берілген болатын. Алайда несие шартының талаптарын және төлем кестесін бұзуына байланысты 2024 жылдың 8 қаңтарында қарыз сомасын мерзімінен бұрын өндіру жайлы Сізден 2 471 266 теңге Аграрлық
несие корпорациясының пайдасына сот шешімі шыққан. Атқару парағы Дүйсебаев Даурен атты жеке сот орындаушысына беріліп атқару өндірісі қозғалған. Бізге мәлім болғандай, Сіз 2024 жылдың 11 наурызында Аграрлық несие корпорацияның Жамбыл облысындағы филиалына барып төлем бойынша бір келісімге келгеніңіз және сұрағыңыз қанағаттандырылғаны анықталды. Осыған орай сіздің Аграрлық несие корпорациясының блогына жазған өтінішіңіз қарастырылып оң шешімін тапты деп есептейміз.
Әбүйіров Шыңғыс Жұмаділдәұлы
23.10.2023
Құрметті Алмат Бүркітбайұлы! Осы жазбаға толық жазу және құжаттарды жүктеу мүмкін болмады. Егер жеке байланыс түрлері болса толықтай барлығын жіберейін. Шын мәнінде жеңілдетілген несие алушылар жіпсіз байланып отыр. Басқаша айтқанда жемқорлыққа итермелеу сезінеді. Себебі мықты танысы, қалтасы қалың және қолы ұзын адамдарға қиындықсыз болады деп есептеймін. Сол себепті осы жерге жазып отырмын. Оң шешімін тауып береді деген сенімдемін!
23.10.2023
Сәлеметсіз бе! Біріншіден, Сіз көтеріп отырған мәселеде ешқандай сыбайлас-жемқорлық тәуекелін көріп тұрған жоқпын. Екіншіден, сатып алатын малды табу өзіңіздің құзырыңыздағы мәселе. Аграрлық несие корпорациясы бұған араласа алмайды. Егер, құжаттарыңыз мақұлданып, несие алатын болсаңыз 90 күннің ішінде қаржының мақсатты жұмсалғаны туралы құжатпен дәлелдейсіз және Аграрлық несие корпорациясының мамандары мониторинг жүргізгенде несие қаражатына алған малыңызды көрсетіп, қосымша құжаттар арқылы растайсыз. Корпорацияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 03 мамырдағы № 4 шешімімен бекітілген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ішкі несие саясаты туралы қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, несиеге рәсімдейтін мүлікті жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан: аталары (әжелері), ата-аналары (оның ішінде асырап алушылары), балалары (оның ішінде асырап алушылары), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан алуға болмайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарыз алушыларға ата-аналарынан мүлікті сатып алуға несие бермейтінін хабарлаймыз.