Жыл сайын өтетін «Jańa Dala / Green Day ‘2023» Қазақстан Дала күні биыл өзінің алғашқы онжылдығын атап өтуде. Ауқымды іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков қатысты. Биыл Дала күніне аграрлық саланың кәсіби мамандары жиналды. Іс-шараға әлемнің 18 елінен келген 150-ден астам компания қатысып жатыр. Олар ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы заманауи технологияларын, селекция мен мал шаруашылығындағы жетістіктерін көрсетеді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Jańa Dala / Green Day '2023» Қазақстан Дала күнінің негізгі серіктестерінің бірі. Жыл сайын осы іс-шара аясында филиал өкілдері шаруаларға несие бағдарламалары мен шарттарын таныстырып, түсіндіреді. Аграрлық несие корпорациясы фермерлердің технологиялық тұрғыдан қайта жарақтану жөніндегі бастамаларын толық қолдайды. Мұның нәтижесі ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы тиімділікті арттыруы тиіс. Соңғы 6 айда Аграрлық несие корпорациясы (ҚазАгроҚаржыны қоса есептегенде) фермерлерді жалпы сомасы 122 млрд теңге болатын 5 670 дана техника мен құрал-жабдықтар сатып алу үшін қаржыландырды.