Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Егінді құрғақшылықтан сақтандырған фермерлерге 1 фаза бойынша сақтандыру төлемдері.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сақтандыру компаниялары топырақ ылғалы тапшылығынан дақылдарды сақтандырудың 1 фаза бойынша төлем жасағанын хабарлайды.

Құрғақшылықтан сақтандыру екі фазалы және үш фазалы сақтандыруды қарастырады. Бұл өнімдер егін еккен кезде топырақтағы ылғал тапшылығына негізделген тәуекелді қамтиды.

Биыл топырақтағы ылғал тапшылығын индекстік сақтандыру өнімі бойынша (2 және 3 фазалы) 107 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 307 мың гектарға жуық дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың егіс алқаптарын сақтандырды.

Космомониторинг деректеріне сәйкес, сақтандыру кезеңінде 3 өңірдің: Ақтөбе, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында 14 мың гектар аумақта топырақтың орташа, едәуір және қатты құрғақшылығы тіркелді.

Сақтандыру жағдайының туындауына байланысты компаниялар шарттың талаптарына сәйкес 1 фаза бойынша 55 млн теңгенің сақтандыру төлемдерін жасады. Бірінші фаза бойынша дәнді және бұршақты дақылдар үшін сақтандыру кезеңі 15 мамырдан 14 маусымға дейін, екінші фаза бойынша – 15 маусымнан 14 шілдеге дейін және үшінші фаза бойынша – 2025 жылғы 15 шілдеден 15 тамызға дейін созылады.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыруға өтінім беруден бастап төлемін алуға дейінгі барлық процесс Kezekte.kz платформасында орналастырылған QALQAN онлайн сақтандыру сервисінде жүзеге асырылады. Бұл жүйе арқылы жұмыс істеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде ЭЦҚ болуы қажет.


chat-bgov

Кеңес ал!