Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамытуға биыл 10,5 млрд теңге бағытталды

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамытуға биыл 10,5 млрд теңге бағытталды. Бұл шаруаларға тек Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріліп жатқан қаражат. Қожалықтар жылдық үстемақысы 6 проценттік несиеге қол жеткізді. Қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен қатар асыл тұқымды төрт түлік санын көбейтуге де жағдай жасалып отыр. 

"Премьер" шаруа қожалығына ақбас тұқымды қазақы сиыр 2015 жылы жеткізілген. Серіктестік иесі Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен алғашында 120 бас сатып алдық дейді. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін байқап, төрт түлік санын тұрақты түрде өсіруді көздеп отыр. Ірі-қараның етті тұқымына тәнті болған шаруа былтыр тағы 418 бас сатып алған.

 Қарасай Алтыбаев, "Премьер" ШҚ басшысы: - 418 бастың қазіргі таңда 200-ге жуығын алып келгенбіз осы Қостанай облысынан. Крымский шаруа қожалығынан. Болашақта енді, ертең енді жартысын алып келеміз 418 бастың. Болашақта негізі мал басын көбейткіміз келіп тұр. Мың басқа дейін. 

Асыл тұқымды мал басын ұстап отырған шаруа қожалығы нарықты дайын өніммен қамту үшін Наурыз күні дүкен ашыпты. Ет пен жартылай әзірленген азық-түлікті саудалайды. Мұндай қадамға мемлекеттік қолдауға бек сенімді болған соң барған. Несие пайызының төмендігімен қатар, 2 жылдық каникул кезеңі кәсіпті дөңгелетіп алуға мүмкіндік береді. Ал кепілге мал мен қора-жайдың алынатыны шаруалар үшін тіпті қолайлы. 

Нұрлан Қосмағамбетов, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ АОФ директорының орынбасары: - "Агробизнес" бағдарламасымен несие бөлінді. 22 пайызбен алынады. Бірақ оның ішінде 16 пайызға дейін субсидиясы болады. Қайтарымы. 6 пайызын шаруашылықтар өзі төлейді.  

Жыл басынан бері Аграрлық несие корпорациясының Ақтөбе өңірлік филиалына шаруа қожалықтарынан 164 өтініш түскен. Қазіргі таңда оның 80-і зерделеніп, тиісті қаржылай демеушілік тапқан. «Агробизнес», «Кең дала», «Іскер» және жастар несиесі бағдарламалары арқылы ақтөбелік шаруалар мал өсіріп, егін егуге 2 млрд 900 млн теңге алды.

 Ақпарат көзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/595801-a-t-be-oblysyny-sharualary-6-nesiege-ol-zhetkizdi