Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Шаруалар көктемгі егін жұмыстарын 141 млрд теңгеге қаржыландыруға өтініш берді

Биыл Аграрлық несие корпорациясына көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатты шаруалар қаржы институттары арқылы жылдық 5% сыйақы мөлшерлемесімен алады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев айтты.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несие серіктестіктері арқылы – 62,2 млрд теңге, екінші деңгейлі банктер арқылы – 71 млрд теңге, микроқаржы ұйымдары арқылы – 6,8 млрд теңге қаржы беріліп жатыр. Қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1,5%. Қаржы институтының маржасымен несие шаруаларға 5%-бен беріледі. Шаруалар несиені 2024 жылдың 1 наурызына дейін қайтаруы тиіс», - деді Марлен Нәбиев.

Спикер несие беру былтыр желтоқсанда басталғанын атап өтті. Биыл бюджеттік несие корпорацияға ұзақ мерзімге берілген. Сол себепті шаруалардың несиені өтеу мерзімі де кейінге шегерілді. Бұл оларға жиналған астықты әлдеқайда тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Осы жылы кем дегенде 3,2 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі, оның 320-ы жаңа фермер қаржыландырылады деп болжанып отыр. Шамамен 2 млн га алқап қамтылады.

«Қазір 3 881 шаруадан жалпы құны 141 миллиард теңгенің өтініші түсті. 847 фермер 30,6 млрд теңге сомасына несие алды, 72,1 млрд теңгеге тағы 1 298 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі мақұлданды», деп нақтылады Марлен Нәбиев.

 

Дереккөз: eldala.kz