Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ылғал жетіспеушілігінен сақтандыру

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы аптап ыстықтың салдарынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің дақылдары ылғалдың жетіспеушілігінен зардап шекті.

Мұндай фактілері Kezekte.kz сайтындағы Agroinsurance жүйесі арқылы спутниктік деректер негізінде автоматты түрде жазылады. Осылайша, сақтандыру шарттарын жасасқан фермерлер сақтандыру төлемдерін алатындай жағдайлар тіркелді.

Қазіргі уақытта топырақ ылғалының тапшылығы индексін сақтандырудың 53 шарты негізінде бірінші кезең бойынша төлемдерді 6 өңірдің (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Абай облысы) фермерлері алды. Сақтандыру компаниялары оларға 1,2 млрд теңге төледі.

Сонымен қатар, фермерлер топырақ ылғалы тапшылығы индексі арқылы жасалған сақтандыру шарттары негізінде екінші кезең бойынша сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлама алды. Ылғал жетіспеушілігіне тап болған өңірлердің шаруаларына сақтандыру төлемін беру жоспарланып отыр.

Биыл сақтандыру компаниялары топырақ ылғалының тапшылығын индекстік сақтандыру бойынша жасалған 111 шарт аясында сегіз өңірде 236 мың гектарды сақтандырды. Осы шарттар бойынша сақтандыру сыйақыларының сомасы 1,5 млрд. теңгені құрады. Оның 300 млн теңгесін фермерлер төледі. 1,2 млрд. теңге сақтандыру сыйақылары мемлекеттік қолдау негізінде субсидияланды.

Айта кетейік, оны агросақтандыру саласындағы оператор – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ төледі.