Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы: біздің басты мақсатымыз – АӨК-гі несиелердің қолжетімділігін арттыру

Аграрлық несие корпорациясы - ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ететін катализатор. Корпорация фермерлердің қаржылық ресурстарға қол жетімділігін кеңейту үшін белсенді түрде жұмыс істейді. Берілетін несиелер көлемінің ұлғаюы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына өз қызметін кеңейтуге, инновациялық әдістерді енгізуге және саланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тек 3 жылға жуық уақытта Корпорация 1,0 трлн теңгеден астам сомамен 50 мың фермерді қаржыландырды. Сонымен қатар жыл сайын несиелеу көлемін ұлғайтып келеді. Бұл фермерлердің өз жобаларына қаржыны көбірек алуларына мүмкіндік жасайды. Мәселен, 2016 жылдан бері қаржыландыру екі еседен астам көлемге өсті.

Айта кету керек, Корпорацияның қаржыландыру жоспарын қалыптастыруда фермерлер үлкен рөл атқарады. Бастапқыда Корпорация 2023 жылға қаржыландыру көлемін 330,0 млрд теңге деңгейінде жоспарлаған болатын. Бұл ішінара қарыз қаражатының жоғары құнымен байланысты болды. Алайда корпорация басшылығының жергілікті жерлерде фермерлермен тұрақты кездесулері несиелеу көлемін ұлғайтудың қажеттілігі басым екенін айқын көрсетті. Бұл кейіннен қаражат тарту бойынша Корпорацияның күшейтілген жұмысына және жоспарды 370 млрд теңгеге дейін ұлғайтуына алып әкелді. Бұл факт Корпорация басшылығының өзекті мәселелерді тез арада шешу жолдарын талқылауда ашықтықты ұстанатынын және әрқашан дайын екенін дәлелдейді.

Корпорация басшылығының аймақтарға тұрақты шығып (11 айда 12 облыс пен 2 қалаға барды), жергілікті жерлерде фермерлермен кездесулер өткізуі жедел ден қоюды қажет ететін бірқатар мәселелерді шешті. Осындай мәселелердің бірі – ауа райының қолайсыздығына байланысты егін жинау кезінде проблемаға тап болған фермерлердің төлемдерін кейінге шегеру қажеттілігі. Корпорация зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсету мақсатында биыл 31 млрд теңгеге қайта құрылымдау және несиені төлеу мерзімдерін ұзарту мүмкіндігін жасады. Бұған қоса тағы 8 млрд теңгенің өтінімдері қаралуда.

Тұтастай алғанда, Корпорация қаржыландыру көлемін арттыру арқылы ғана емес, сонымен қатар өз қызметтерін жақсарту арқылы фермерлердің мүмкіндіктерін арттыруға тырысады.

Қысқа мерзім ішінде шағын несиелеу бойынша Agronesie.kz порталын ашу сияқты ірі міндеттер іске асырылды.  Онда фермерлер бірнеше минут ішінде онлайн форматта өз өтінімдері бойынша алдын ала шешім ала алады. Сонымен қатар Kaspi, Homebank, BCC, Kazpost қосымшаларымен интеграция жүргізілді. Соның арқасында Корпорацияның қарыз алушылары несиелерді комиссиясыз және облыс орталықтарына бармай-ақ төлей алады. Сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру арқылы келісімдерге қол қою функционалы әзірленді. Жыл соңына дейін мобильді қосымшаны іске қосу жұмысын аяқтау жоспарлануда. Ол бірінші кезеңде шағын несиелеу бойынша онлайн өтінімдер беруге, қажетті анықтамалар алуға және несиелерді өтеу кестелерін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек фермерлердің еңбек шығындарын оңтайландыру және несие қаражатын алуды жеделдету мақсатында кепіл мүлкін блокчейн арқылы онлайн тіркеу жүйесін енгізу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ өз өтінімдерін қадағалау үшін фермерлер Корпорацияның толыққанды CRM жүйесіне қол жеткізе алатын болады.

Келесі жылы Корпорацияның сайтынан, телегремм-арнасынан және әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан бақылауға болатын көптеген жаңалықтар күтілуде.