Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы биыл фермерлерді 251,9 млрд теңгеге қаржыландырады

Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы ұйымдастырған Ақмола облысындағы пресс-тур кезінде белгілі болды. Өсімдік шаруашылығы және өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу – Аграрлық несие корпорациясының (АНК)  басым бағыттарының бірі.

АНК несиелік серіктестікті қаржыландыруды қоса алғанда, әртүрлі қаржылық құралдарды қолданады. Биыл бұл мақсаттарға 36,1 млрд теңге бөлінген.

«ЕСІЛ-2030» НС 14 жыл бойы АНК-ның сенімді серіктесі болып, өз қатысушыларын уақытында қаржыландырады.

«Осының арқасында біздің фермерлер ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңартты. Қазір біз 5 миллиардтан астам теңгені игеріп жатырмыз, бір жылдың ішінде 6 миллиардқа жетуді жоспарлап отырмыз»,  – деді «Есіл-2030 КТ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Әділбаев.

«ORGANICO» ЖШС 2015 жылдан бастап көкөніс және өсімдік өсірумен айналысады. Кәсіпорын белсенді түрде дамып, жаңа технологияларды меңгеруде. Бұл идеяны іске асыруға НС арқылы алынған жеңілдетілген несие септігін тигізеді. Биыл несие қаражаты есебінен ұйым аумағында 2000 тонна өнімге арналған заманауи, жоғары технологиялық көкөніс қоймасы салынды.

1634020337_f2d7770b-dba0-466e-a494-517c942aa137.jpg

«Біз сәбіз өсіруге және сақтауға арналған жабдықты сатып алуға несие алдық. Бұл қаржыға сәбіз жинайтын комбайн, тамшылатып және жаңбырмен суару жүйесін, тоңазытқыш қондырғыларын алдық», – дейді «ORGANICO» ЖШС директоры Виталий Кореньков.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның егістік алқаптарында егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысшылар саны – 25 адам. Жүйектерден жаңа алынған сәбіз ағаш жәшіктерге жиналады, содан кейін олар көкөніс қоймасына қойылады. +0,5 градус температурада көкөністерді 10 айға дейін жаңа үзіп алғандай күйде сақтауға болады. Бұл Ақмола облысы мен Қостанай нарығын маусымаралық кезеңде кәсіпорын өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Фермерлер көкөніс өсіруге бөлінген 200 гектар жерден 5000 тонна өнімділікке қол жеткізуді жоспарлап отыр.

1634020403_61add0f0-798c-4baa-bd12-ce4e586602b8.jpg

Ақмола облысында журналистер барған тағы бір кәсіпорын – «Рау-Агро» ЖШС. Кәсіпорын өсімдік шаруашылығымен – егістік алқаптарда дәнді және майлы дақылдар өсірумен айналысады. Өзінің шикізатының болуы кәсіпкер Қайрат Әлібековті жем шығаратын зауыт құруға итермеледі. Шығындарды есептеп, жабдықтар туралы шешім қабылдағаннан кейін, ол жобамен Аграрлық несие корпорациясының филиалына қаржыландыруға өтініш жіберді.

Жобаны мұқият зерттегеннен кейін несиелік өтінім мақұлданып, қаржыландырылған болатын. 2020 жылы Есіл ауданында құрама жем шығаратын зауыт ашылды. Бүгінде кәсіпорын төрт түліктің барлық түріне арналған құрама жем шығарады. Зауыт Германиядан келген озық қондырғылармен жабдықталған. Өндірістік қуаты сағатына 2 тоннаға жетеді. Зауыттың шикізат базасының болуы өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жергілікті құрама жем ұсақ ұнтақ түрінде шығарылады және оны қаптарға салуға мүмкіндігі бар. Жақын арада түйіршіктеуге арналған жабдықты сатып алу жоспарлануда.

1634020349_0817746a-822c-4061-8eeb-ab850fc9fce8.jpg

«Бүгінгі күні біздің компаниямызда 7 қызметкер жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 150-200 мың теңге. Өнім тек өңірде ғана емес, оның шекарасынан тыс жерлерде де жоғары сұранысқа ие. Аграрлық несие корпорациясы негізінде аграрлық секторды дамытуға көмектеседі», – дейді «Рау-Агро» ЖШС директоры Қайрат Әлібеков.

Назар аударсаңыз, AНК тек биылғы жылы өсімдік шаруашылығы саласындағы жобаларды қолдауға 21,4 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр: қаржыландыруға жылыжай құрылысы мен тамшылатып суару жүйесін сатып алу кіреді.

АНК-нің маркетинг және PR қызметтерінде өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдейтін объектілерді құруға тек 10,8 млрд теңге бөлінетінін түсіндіреді, ал 2021 жылы агроөнеркәсіптік кешенді несиелендірудің жалпы көлемі 251,9 млрд теңгеге бекітілді. Аграрлық несие корпорациясы Ақмола облысы филиалы басшысының орынбасары Арман Кустубаевтың айтуынша, осы жылдың өзінде облыста жалпы сомасы 8,5 миллион теңгеге 329 АӨК қаржыландырылған, сонымен қатар филиал 678 ауыл шаруашылығы қатысушысы бар сегіз несиелік серіктестікті сүйемелдейді.