«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелік серіктестерін консалтингтік қолдау аясында, олардың мамандарын оқытуды қолға алмақ. Кепілді бағалау, Корпорация мен несиелік серіктестер арасындағы оңтайлы өзара келісімдер, агроөнеркәсіптік кешен бойынша инвестициялық жобаларға қаржылық талдау жасау мәселелері бойынша 2-4-тоқсанда оқыту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 29 мамырында кепіл мәселесі бойынша тренинг өтеді. Оқыту барлық несие берудегі серіктестер үшін ашық және тегін. Егер қатысқыңыз келсе, өз аймағыңыздағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына хабарласыңыз.