Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруды жалғастыруда

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл мәселеде көктемгі егін егу жұмыстарын тиімді және уақтылы жүргізу үлкен рөл атқарады.

Көктемгі егін егу жұмыстарына қосымша 300 млрд теңге

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз қызметін біртіндеп жақсартуда және аграрлық секторды қаржыландыру көлемін ұлғайтуда.

Мәселен, 2021 жылы «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге жеңілдікпен несие беру көлемі 70 млрд теңгені құраса, 2022 жылы оның көлемі екі есеге артып, 140 млрд теңгеге дейін жетті. Соңғы үш жылда Корпорация жыл сайын көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 140 млрд теңге көлемінде қаржы беріп келеді.

Егер алдыңғы жылдары несиелер қысқа мерзімге беріліп, оларды 1-желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қаржыландыру орта мерзімді болып өзгерді. Яғни, қарызды өтеу мерзімі ұзартылды (қазіргі уақытта қарыздардың 50% өтеу 1-желтоқсанға дейін, қалған 50%-ын келесі жылдың 1-наурызына дейін төлеуге болады). Бұл фермерлерге астықты барынша ұтымды бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Бюджеттік несиелеу есебінен бөлінген 140 млрд теңгеден бөлек, қосымша қаржыландыру 300 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұл ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында Үкіметтің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен іске асырылды. Көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қосымша қаржыландыру есебінен 4,0 миллион гектар егіс алқабы қамтылатын болады.

Фермерлерді қаржыландырудың жаңа шарты бұрын-соңды болмаған және бұл механизм фермерлер үшін маңызды бірқатар мәселені шешеді.

Бірінші. Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде болады.

Бұған дейін фермерлер пайыздық мөлшерлемені қысқарту үшін және субсидия алу үшін жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге, жаңа міндеттемелерге қол қоюға, қаржының бөлінгенін күтуге мәжбүр болған. Бұл олардың қаржылық жағдайларына кері әсер етіп келген. Енді мұндай әурешілік болмайды. Осы өнім шеңберінде Корпорация тиісті мемлекеттік субсидиялау Ережелеріне өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Соның арқасында фермерлер үшін барынша тиімді және ыңғайлы жағдайлар жасалды. Яғни, фермер қандай да бір қосымша рәсімдерсіз мөлшерлемесі төмендетілген несиеге қол жеткізе алады.

Екінші. Көп жағдайда агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері Корпорацияға несие алу үшін жүгінген кезде кепілдік жетіспеушілігі проблемасына тап болады. Бұл проблеманы ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдары көптен бері айтып келеді.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа маханизміне сәйкес фермерлердің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алған қарыз сомасының 85%-н «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіретін болады.

Осылайша, көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуге қаржы қажет кезде шаруалар алатын несие сомасының 15%-на кепілдік қойса жеткілікті.

Мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты негізде ұсынылады

Фермерлерді қолдау және олардың қызметтерін үнемі жақсарту Аграрлық несие корпорациясының басты міндеті.

Мәселен, өткен жылы астық егетін өңірлердің фермерлері қолайсыз ауа-райының салдарынан зардап шекті. Бұл бірінші кезекте олардың қарыздарын төлеу міндеттемелерін орындау мүмкіндіктеріне кері әсер етті. Оларды қолдау үшін жалпы сомасы 56 миллиард теңге болатын қарыз төлемі кейінге шегерілді.

Биыл Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен фермерлерді қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Аграрлық несие корпорациясы мен оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ клиенттер үшін төлемдерді кейінге шегеру шартын бекітті.

2024 жылғы кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру мерзімінің соңына дейінгі төлемдерге теңдей бөлінеді. Ал 2024 - 2025 жылдары қарыз мерзімі аяқталатын жобалар бойынша қызмет бағытына байланысты 24 айға дейінгі мерзімге шегерілетін болады. Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге несие төлемдерін кешіктіргендері үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.

Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы жұмысты жылдамдату мақсатында аз ғана құжат негізінде өтінімдерді қараудың жеңілдетілген процесін бекітті.

Кеңес алу үшін және «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыс орталықтарындағы филиалдарына хабарласу қажет.

Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар немесе 5353 Call орталығына Kcell, Activ, Beeline және 8 701 006 19 91 телефон нөміріне Tele 2, Altel абоненттерімен хабарласып, біле аласыздар.