Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы Қазақстан фермерлерін 550 млрд теңгеден астам сомамен қаржыландырды

Бұл сомаға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның 400 млрд теңгесі мен оның еншілес ұйымы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 151,7 млрд теңгесі кіреді.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешенді қаржыландыру бойынша 400 миллиардтық межеден өтті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты қаржыландыру көлемі 164 млрд теңгеден асты.

Аталған соманың 320 млрд теңгеден астамы «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары бойынша көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға, ал 80 млрд теңгесі «Агробизнес» бағдарламасына бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп.

Корпорация қаржыландыру арналарын ұлғайта отырып, фермерлер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасады. Соның нәтижесінде несиені Корпорация филиалдарынан кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және микроқаржы ұйымдары арқылы алуға болады.

«Өткен жылы Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржының қаржыландыру көлемі 554,7 млрд теңгені құрап, абсолютті тарихи жоғары көрсеткішке жетті. Биылғы көрсеткіш одан да жоғары болады. Біз жыл соңына дейін жалпы сома 700 млрд теңгеден асады деп жоспарлап отырмыз. Көңіл қуантатыны – еліміздегі әрбір үшінші ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші біздің клиентіміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша соңғы қарыз алушылар саны 85 мыңнан асты. Біз клиенттермен дұрыс жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлеміз. Олардың несие алуларына және ауыл шаруашылығын дамытуларына қолдау көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға тырысамыз», - деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков.

Естеріңізге сала кетейік, биыл көктемде егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін Аграрлық несие корпорациясының жаңа «Кең дала 2» бағдарламасы іске қосылды.

«Бұл қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады, бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі жеңілдетілген 5% мөлшерінде бекітілді. Биыл кепіл мүлкі жетпейтін фермерлер үшін алғаш рет «Даму» Қоры қарыз сомасының 85%-ын кепілдендіретін болды. Өтінім тек Аграрлық несие корпорациясына беріледі, одан әрі Корпорация кепілдік алу үшін Қорға өтінімді өзі жібереді», - деп түсіндірді Корпорацияның Басқарма Төрағасы.

2,2 мыңнан астам фермерді қамтыған «Агробизнес» әмбебап бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. Биыл мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларына шамамен 80 млрд теңге бөлінді.

Бұдан бөлек 16 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында суару жүйелері, өңдеу, көкөніс және жеміс сақтау қоймалары, тауарлы сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар мен бақтар бар.

ҚазАгроҚаржы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген лизингті іске қосты. Бағдарлама отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге қаржыландырады. Қазіргі уақытта ҚазАгроҚаржы осы бағдарлама бойынша 67,4 млрд теңгеге 1,6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырды, бұл 2,6 мыңнан астам техника сатып алуға мүмкіндік берді.