Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы күріш егіп қана қоймай, оны өңдеумен де айналысады. Жоба Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы аясында «Наурыз-Дем» кредиттік серіктестігі арқылы қаржыландырылып, нәтижесінде күріш өңдейтін зауыт іске қосылған. Зауыттың қуаттылығы – жылына 4 мың тонна күріш өңдей алады, ал кәсіпорында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл бастама ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін арттыруға, өңірдің экономикалық дамуына және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң әсер етеді. «Агробизнес» бағдарламасының шарттарымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://agrocredit.kz/kz/main/our-activities/programs/#3080.
05.01.2026 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» Қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер Холдингтің барлық еншілес компанияларына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады.