Назар аударыңыз! «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында жастар несиесіне өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында науқан сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр. Қалған облыстарда құжат қабылдау жалғасып жатыр. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы жастар шағын несиесі бағдарламасына құжаттарды жинау және дайындау бойынша ақылы қызмет көрсететін тұлғалар мен компанияларға қатысы жоқ екенін еске саламыз. Барлық құжат корпорацияның филиалдарында тегін қабылданады.