Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астанада алғашқы жас кәсіпкерге несие қаражаты берілді

Астана қаласында жастарға арналған несие бағдарламасы бойынша бірінші болып несие рәсімдеген тұрғынның есімі белгілі болды. Ол – Құндыз Мұратбекова.

 34 жастағы Құндыз жеңіл шарттармен алған 5 млн теңгені шағын бизнесін кеңейтуге жұмсамақ. Жас кәсіпкер ағаштан түрлі бұйым жасап сатады. Оның айтуынша, ағаштан жасалған заттарға сұраныс жоғары. Тапсырыс көбейгендіктен, Құндыз кәсіпке қажетті қосымша құрал-жабдық сатып алуды жоспарлап отыр.

 «Біздің елде жастар бизнесінің дамуына осындай мүмкіндік бар екені қуантады», - дейді Құндыз Мұратбекова.

 Бүгінгі таңда Аграрлық несие корпорациясының Астана филиалында жастардан 91 өтініш қабылданған. 18 өтініш мақұлданды. Биыл Астана қаласында тұратын 560 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие беру үшін 2,8 млрд теңге бөлінді.