Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары Маңғыстау облысының фермерлерімен кездесті. Онда өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шаралар қаралды. Айдын Досқараев ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыруға қатысты фермерлердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ жұмыс сапары аясында делегация өкілдері бірқатар агроөнеркәсіп кешіні нысандарын аралады.