Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының ұйымдастыруымен аймақтық филиалдар кездесуі өтті. Оған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасының орынбасары мүшесі Айдын Досқараев қатысты. Жиынға Қауымдастық төрағасының орынбасары Ермек Әбуов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев, сондай-ақ қауымдастықтың барлық аймақтық филиалдарының басшылары онлайн режимде қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі шаруалардың өзекті мәселелеріне арналды. Негізгі проблемалық тақырыптар: ЕГИСС платформасының жұмысы, жанар-жағармай және суару жөніндегі мәселелері, шөп шабу, жәндіктермен күрес, форвардтық сатып алулар, шаруаларды несиелендіру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға мемлекеттің көмегі және т.б. Жиын барысында қатысушылар Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен АНК өкілдеріне тікелей сұрақтар қойып, оларды шешу жолдары мен мерзімдерін талқылады. Кездесу нәтижесінде Мәжіліс депутаты Ж.Дайрабаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мен АНК-ге шаруалардың мәселелерін шешудегі ашықтығы мен дайындығы үшін алғысын айтса, Қауымдастық Төрағасының орынбасары Е.Әбуов осындай шараны жүйелі түрде өткізіп тұруды ұсынды.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады