ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев және басқа да аграрлық салаға қатысты ұйым басшылары Ақтөбе облысына іссапармен барды. Делегация өкілдері көктемгі егін егу жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар агроөнеркәсіп кешенін аралады. Олардың ішінде Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған жобалар да бар. Олар Мәртөк ауданындағы «Рад Агро» ЖШС мен Әйтеке би ауданындағы «Құмқұдық» ЖШС. Айдын Еділханұлы фермерлерге «Кең дала 2» бағдарламасының қаржыландыру механизмдерін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.