Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы агробизнеске қосымша 40 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

Бұған дейін Корпорация өткен жылдың нәтижелерінен 40%-ға асыра орындап, жоспарланған 330 млрд. теңгенің 300 млрд. теңгесін игергені туралы хабарлаған болатын.

Аграрлық несие корпорациясы хабарлағандай, агробизнесті дамыту үшін фермерлердің тарапынан уақытылы қаржыландыру қажеттігі артып отырғанын ескеріліп, (негізгі құралдарды сатып алу, мал басын ұлғайту, айналым қаражатын толықтыру және т.б.) «Агробизнес» бағдарламасы бойынша қосымша 40 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда.

Бұл бағдарлама жан-жақтылы. Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және қайта өңдеу саласын дамыту жобаларын қаржыландыруға бағытталған.

Несие тартылған коммерциялық және жеке қаражат есебінен беріледі. Субсидияны есепке алғанда жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-ды құрайды.

Корпорация атап өткендей, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспары 143 млрд. теңгені болса, бүгінгі таңда игерілген қаржы 140,4 млрд. теңгені құрап, орындалған жоспар 98%-дан асты. Осы қаржы арқылы 3 мыңнан астам фермерге қолдау көрсетілді.

Жоспардан тыс бөлінген қаржы фермерлердің бұрын келіп түскен және қаралып жатқан өтінімдерін несиелеуге бағытталатын болады. Шамамен 2 мың фермер несие қаржысымен қамтамасыз етіледі.

Алдын ала бағалау бойынша қосымша қаражат есебінен жылдық қаржыландыру көлемі 2022 жылғы көрсеткіштен асып, шамамен 370 млрд.теңгені құрайды.

Жалпы, Корпорация еліміздің Агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Барлық қызмет кезеңінде жалпы сомасы 2,6 трлн теңге болатын 271 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Корпорация портфелінде 88 мың фермер бар және Агроөнеркәсіп секторындағы несие портфелінің үлесі ("ҚазАгроҚаржы" АҚ портфелін қосқанда) 76%-дан асады.

Корпорация фермерлер үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту үшін жүйелі негізде жұмыс жүргізіп келеді.

Мәселен, өткен жылы алғаш рет фермерлер үшін қолайлы бағаларды қалыптастыру мақсатында көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу бойынша қаржыландыру көлемін екі есеге арттыра отырып, орта мерзімді негізге ауыстырды.

Процестерді цифрландыру мен автоматтандыруды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Арнайы Agronesie.kz порталы ашылды. Фермерлер бірнеше минут ішінде онлайн форматта өз өтінімдері бойынша алдын ала шешімге қол жеткізе алады. Шағын несие беру бойынша Kaspi қосымшасымен интеграция жүргізілді, соның арқасында Корпорация фермерлері несиені комиссия алымынсыз және облыс орталықтарына бармай-ақ төлей алатын болды. Сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру арқылы келісімдерге қол қою қызметі әзірленді.

Биыл сервистерді жақсарту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ жақын арада клиенттер үшін мобильді қосымша енгізу жоспарлануда.

Анықтама:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Корпорацияның жұмысы жеке қаржы институттарын тарту және АӨК субъектілерінің құзыреттерін арттыру арқылы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру арқылы республиканың агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.