Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астанада «Кең дала 2» бағдарламасына арналған брифинг өтті

«Бәйтерек» холдингі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын «Кең дала 2» бағдарламасына арналған брифинг ұйымдастырды.

Холдингтің еншілес ұйымы – Аграрлық несие корпорациясы аталған бағдарлама аясында 2025-жылдың 1-қазанынан бастап фермерлерден өтінім қабылдап жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес биыл бағдарлама өткен жылмен салыстырғанда бір ай бұрын басталды. Бұл фермерлерге келер маусымға алдын ала дайындалуға, тұқым, тыңайтқыш, жанармай сатып алуға және техникаларын жөндеуге мүмкіндік береді.

Холдинг өкілдерінің айтуынша, ерте қаржыландыру ауыл шаруашылығы саласындағы тиімділікті арттырып, фермерлердің шығындарын дұрыс жоспарлауға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.

«Бағдарламаның қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2023 жылы «Кең дала» бағдарламасына 140 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы бұл сома 321,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терім науқандарына бөлінген қаржы 500 млрд теңгеден асты», - деді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы Перизат Шакенова.

Бағдарламаның басты артықшылығы – қолжетімді және икемді шарттар. Пайыздық мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды, ал «Даму» қоры несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік береді.

Брифингтің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/scMsmphnTxk


chat-bgov

Кеңес ал!