Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Чехиялық сиырдың сүтін ішкен

Жезқазған халқы чехиялық сиырлардың сүтін ішіп отыр. Еуропалық малды өңірге әкелген - «Бақыт» шаруа қожалығы. Ұлытау облысының Кеңгір ауылы маңында орналасқан фермада 96 бас симментал сиыры бағылып жатыр.

Манас Асаинов шаруа қожалығын төрт жыл бұрын құрған. Мұнда қазір 300 жылқы, 300 сиыр және бір мың қой бар. Әжептәуір етті мал жинап алған шаруа былтыр шетелден сауын сиыр алдырған. Биыл бірінші рет бұзаулаған шетелдік қашарлар күніне 1 тоннаға жуық сүт береді екен.

Сауыншы керек емес. Бір мезетте 8 сиыр сауатын желі іске қосылған. Тоңазытқыш, сүтті салқындатқыш құрылғы, сағатына жарты тонна сүт тартатын аппарат жұмыс істеп тұр. Аймақтағы алғашқы әрі жалғыз тауарлы-сүт фермасының өнімі Жезқазғанға жөнелтіледі. Қожалық басшысы 1-2 жылда сүтті мал санын 200-ге жеткізбек.

«Былтырдан бері Аграрлық несие корпорациясының клиентіміз. Чехияның сиырларын солардың көмегімен несиеге сатып алдық. Қосымша құрал-жабдық, техника әкелдік. Сөйтіп, шаруашылықты тіктеп алдық. Енді 200 бас сауын сиыр сиятын база салуды ойластырып жүрміз», - дейді «Бақыт» шаруа қожалығының басшысы Манас Асаинов.

Аграрлық несие корпорациясы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Асқар Рахимовтың айтуынша, бұл шаруашылық несие қаражатын 2021 жылы «Жаңаарқа» несие серіктестігі арқылы алған. Оның артықшылығы - шалғайдағы шаруалар қалаға сабылмай, қажетті несиені жақын жерден рәсімдейді.

Қазір елімізде 207 несие серіктестігі жұмыс істейді. Соның 12-і Қарағанды және Ұлытау облыстарында. Жыл басынан бері қос өңірдің 740 агроқұрылымына 21 миллиард теңгеден астам несие берілді.