Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметкерлерінің ұсталуына қатысты

Жақында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары бойынша ұсталуына қатысты «ҚазАгро» холдингі» АҚ мынаны хабарлайды.
2018 жылғы 16 қазанда «ҚазАгро» холдингінде Холдингтің барлық еншілес ұйымдары басшыларының, сондай-ақ компаниялардың барлық өңірлік филиалдарының басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, оның ішінде комплаенс-қызмет жұмысын күшейту, кадр саясатына жаңа көзқарастардың қажеттілігі, қызметке қабылдау мен іріктеу процедураларының ашықтығы талқыланды. Сондай-ақ, Холдингтің еншілес ұйымдарының агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ететін автоматтандыру мәселелері қаралды, бұл бюрократиялық процестерді қысқартуға және сыбайлас жемқорлық факторларының пайда болу мүмкіндігін жоюға мүмкіндік береді.  
Отырыс нәтижесінде еншілес кәсіпорындардың басшыларына нақты тапсырмалар берілді, соның ішінде салада жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Корпоративтік этика кодексі бойынша жалпы оқыту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Холдинг көмекші персоналды тарту бойынша еншілес ұйымдардың барлық келісім-шарттарын, сондай-ақ аутсорсинг қызметтері бойынша келісім-шарттарды қайта қарайтын болады. Осы және басқа да шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін теңестіруге бағытталатын болады.  
Соңғы кездегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне келсек, оларға қатысты «ҚазАгро» холдингі жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін басшылыққа алатын болады.