Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Басқарма Төрағасының 8 наурыз мерекесімен құттықтау сөздері

Аса құрметті әріптестер, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер, аяулы аналар, асыл қарындастарым! Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Сіздерге және шаңырақтарыңызға шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Көңілдеріңіз әрқашан көктемдей көрікті болсын!

Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын! 

Құрметпен,

Сарыбаев Нармұхан Қалмаханұлы

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Басқарма төрағасы