Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Павлодар облысына іссапар

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегациямен бірге  Павлодар облысына іссапармен барды. Сапар аясында делегация өкілдері Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «AgroTrade PV» ЖШС-нің жұмысымен де танысты.

Бағдарлама бойынша делегация облыстағы фермерлер базарына, сүт, ұн тарту кәсіпорындарына және астық қабылдау пунктіне барды. Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша «AgroTrade PV» тауарлы сүт фермасы көрсетілді.

Новоямышево ауылында орналасқан «AgroTrade PV» ЖШС өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен қатар айналысады. Атап айтқанда картоп егіп, жылына 10 мың тонна өнім алады. Өнімін Павлодар облысынан бөлек Алматы, Шымкент, Қызылорда және Семей қалаларына жеткізеді.

Сонымен қатар, Компания 2021 жылы тауарлы сүт фермасын салып, Даниядан 1 200 бас асыл тұқымды голштино-фриз сүтті сиырларын сатып әкелген. Сүт фермасына қажет заманауи қондырғыларды орнатқан. Тәулігіне орташа 30 тонна сүт алады. Өнімін сүт өңдейтін кәсіпорындарға өткізеді. Шаруашылықта маусымдық кезеңдерді қосқанда жалпы 73 адам жұмыс істейді. Серіктестік директоры Қуаныш Темірғалин атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларын да айтты.

Павлодар облысы бойынша биыл АӨК субъектілерін жалпы сомасы 17 млрд теңгемен қаржыландыру жоспарланған болатын.  2023 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 16,4 млрд. теңге қаржы игеріліп, 559 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге несие берілді.