Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мұздатылған сиыр етінің алғашқы партиясы Қытайға жөнелтілді

«Ақтөбе ет кластері» ЖШС («АкТеп» ЖШС) ет өңдеу кешенінен Қытай Халық Республикасына вакуумды қаптамадағы 20 тонна мұздатылған сүйексіз сиыр еті жөнелтілді.

Асыл тұқымды етті малды сатып алу арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржыландыруды Аграрлық несие корпорациясы жүзеге асырды. Несие сомасы 9,3 млрд теңгені құрайды.

Аграрлық несие корпорациясы мал бордақылау алаңын толтыру үшін тауарлық мал сатып алуды да қаржыландырды. Айта кетерлігі, тауарлық мал еті Қытайға жеткізіледі. Оны сатып алу 2,13 млрд теңгеге жүргізілді.

«Ақтеп» ЖШС үш жылдан бері Аграрлық несие корпорациясының адал клиенті. Осы уақыт ішінде Корпорация 13 мыңнан астам аналық малды сатып алуды қаржыландырды. Биылдың өзінде Австралия, АҚШ және Ресейден 5 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алынды.

Қаржыландырылған жоба Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында етті мал тұқымының асыл тұқымды басын көбейтуді көздейді.

Анықтама үшін: «Ақтөбе ет кластері» ЖШС – жоғары сапалы сиыр етін өндіруге маманданған экспортқа бағытталған ет комбинаты. Кәсіпорын ет кластерінің толық өндірістік циклінің соңғы нысаны болып табылады және өзінің бордақылау базасы бар «АкТеп» ЖШС-мен эксклюзивті жеткізу шартымен ет өңдеу өнеркәсібінде қызмет көрсетеді.

Сатып алынған мал мал бағуда тәжірибесі бар ауылдық кооперативтерге жалға беріледі. Орта есеппен 1000 бас ірі қара бес шаруашылықтан тұратын бір кооперативке беріледі.

Осылайша, «АкТеп» ЖШС тарапынан репродукторлар құрылысына күрделі салымдар салынбай, облыста мал бордақылау алаңы мен ет комбинатын жыл бойына жоғары сапалы етті ірі қара малын қамтамасыз ететін асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылады.

Бүгінгі таңда «Алашанькоу Фуксин Трейд», «Сити» және «Шэньчжэнь Вэй Цзя Интернэшнл Трейд» компанияларымен ет жеткізу туралы меморандумдарға қол қойылды. Күтілетін жеткізілім көлемі жыл соңына дейін 4000 тонна сиыр етін құрайды.

Анықтама үшін: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдық жерлерде бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын қолжетімді несие жүйесін құру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Корпорация «ҚазАгро» холдингінің компаниялар тобына кіреді және Қазақстанның барлық аймақтарында 16 филиалы және бір өкілдігі бар. Бүгінде корпорацияның несие қоржыны 372 млрд теңгені құрайды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

Моб: +77073708847

тел: (7172) 55 99 16