Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Fitch АНК несиелік рейтингін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Аграрлық кредиттік корпорация эмитентінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «ВВВ-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аграрлық несие корпорациясы (АНК) «Бәйтерек» ҰБХ АҚ құрамына кіреді. Корпорация АӨК саласына тиімді шарттармен оның ішінде төмен пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімге несие береді. Сол арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті арттыруға жәрдемдеседі.

Компанияның несие қоржыны 25%-ға ұлғайып, 2020 жылы 449,2 млрд теңгеге жетті. АНК өнімдері Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында сұранысқа ие. Бұл ретте портфельдің басым бөлігін ауылдағы ШОБ сегментін дамытуға бағытталған қарыздар құрайды, олардың үлесі шамамен 65%. Өткен жылдың қорытындысы бойынша АНК таза табысы – 19,7 млрд теңге.

АНК негізгі клиенттері шалғай ауылдық елді мекендерде тұрады. АӨК субъектілерін кредит қаражатымен қамтуды кеңейту мақсатында корпорация түрлі қаржы құралдарын – кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялар сияқты қаржы институттарымен жұмыс жүргізеді.

2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жеңілдетілген қарыз түрінде 251,9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда АНК арқылы жоғарыда аталған сомаға 6,7 мыңнан астам кәсіпкерлікті жалпы алғанда 196 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырды.

АНК қаржыландыратын басым бағыттардың қатарында өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар қамтылған. Сондай-ақ, АӨК саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды, оның ішінде құс фабрикалары, асыл тұқымды репродукторлар, жылыжайлар, сүт-тауар фермалары, ет өңдеу кешендері және т.б. Осы жылдың өзінде корпорация 21 инвестициялық жобаны қаржыландырды. Бұл қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруға әсер етеді.

Өткен жылдан бастап көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге бөлінді. АНК бюджеттік қарызды бөлетін негізгі оператор. Биыл егіс және егін жинау науқаны кезінде 2 617 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Олар 3,3 млн га егіс алқабына жұмыс жүргізді.

АНК-ның несие беру бағдарламалары ел экономикасының стратегиялық секторы ретінде ауыл шаруашылығын қолдауға және азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған әлеуметтік бағытқа ие.