Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Алғашқыда ұсақ мал асырап, кейін ет өнімдерін шығаруды қолға алдым»: ауыл тұрғыны жеңілдетілген несие арқылы бизнесін дөңгелетті

Аграрлық несие корпорациясының кредиттік серіктестіктерді қорландыруы 2021 жылы 89,5 млрд теңгеге жетеді.

Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылының тұрғыны Сергей Шостов 2019 жылдың күзінде кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама арқылы 250 мың теңге грант ұтып алып, оған ауыл шаруашылығымен айналысу мақсатында ұсақ мал басын сатып алған. Кейін ол шаруашылығына ірі қара малды да қосты. Кәсіпкер еттің көлемі артқан соң, оны сатып қана қоймай, өңдеуді де қолға алса артық етпейтіндігін түсінді. Бірақ ол үшін оған қомақты қаражат қажет болды. Сол себепті ол кредиттік серіктестіктің көмегіне жүгінді.

Осылайша, көп ұзамай кәсіпкер Сергей Шостов «Ет өңдеу бойынша 200 кг дейінгі шағын өндіріс» бизнес жобасын әзірлеп, кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие алуға өтініш білдірген. Өз кезегінде аудан орталығында орналасқан «Аршалы» кредиттік серіктестігі «Іскер» несиелеу бағдарламасы бойынша кәсіпкерге 6,5 млн теңгеге қарыз рәсімдеген. Бұл бағдарламаның жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі жылына 6% - ды ғана құрайды. Кәсіпкер несиені 5 жылға алған екен.

«Біз берілген несиенің бірінші траншына, яғни 2,4 млн теңгеге 40 футтық контейнерлер алып, модуль жасадық. Бұл жұмыстар қыс бойы атқарылып, көктемде қалған екінші транштың сомасына ет өңдеуде арналған құрылғыларды сатып алдық. Олардың қатарында мұздатқыш, ет турайтын және оны ваккумдауға арналған құралдар және сөрелер алдық», - дейді Сергей Шостов.

Бүгінде ауылдағы цех өнімнің 8 түрін шығарады, оның ішінде ет бөлшектері, филе, сүйек және туралған ет өнімдері, ысталған ет өнімдері, тартылған ет, кәуап және т. б.

Сергей Шостов ісінің өрге домалауы үшін жергілікті кредиттік серіктестіктен қарыз рәсімдеген жалғыз кәсіпкер емес. «Аршалы» кредиттік серіктестігі 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Серіктестікке Аграрлық несие корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалында қызмет көрсетіледі.

2020 жылы Аршалы ауданында барлығы 67 қатысушы болса, биыл олардың саны 80-ге дейін өсті. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда кредиттік серіктестіктің несие желісінің сомасы 50% - ға артты.

«Несие желісі 2032 жылға дейін ашық, оның сомасы 3 млдр 300 млн теңгені құрады. Бүгінде аталған соманың 2 млрд 700 млн теңгесі игерілді. Біз көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларды қаржыландырамыз. Қаражаттың басым бөлігі  «Кең дала», «Агробизнес» және «Агротехника» бағдарламалары шеңберінде бөлінеді», - дейді «Аршалы» КС» ЖШС директоры  Қаржаубай Ахметжанов.

Осының арқасында аудандағы жергілікті фермерлер 49 бірлік заманауи комбайндар, тракторлар, егіс кешендері мен ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да құралдарды сатып алып, техника мен жабдықтар паркін жаңарта алды.

Кредиттік серіктестіктер ауыл тұрғындарының кәсібіне берілетін несие қаражатын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы алады. Бүгінде еліміз бойынша республиканың барлық өңірлерінде кредиттік серіктестіктердің 205 желісі жұмыс істейді.

Кредиттік серіктестік ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, ШОБ дамытуда және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуда да маңызды рөл атқарады.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» биыл кредиттік серіктестіктерді қаржыландыруға 89,5 млрд теңге бөлді. Өз кезегінде серіктестіктер бірнеше бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде «Іскер» бағдарламасын жүзеге асыруға корпорация биыл 11,6 теңге бағыттады. Жалпы кредиттік серіктестіктермен бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігі кәсіпкерлердің қаражатты жергілікті жерлерден алуында. Яғни қалаға барып керек емес. Кәсіпкердің алатын құрал-жабдықтары мен техникаларының қаражаты тікелей өндірушінің шотына аударылады. Ал айналым қаражаты кәсіпкердің өзі жеке шотына айдарылады», - деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маркетинг және PR қызметінің жетекшісі Руслан Ескендір. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Дереккөз: Azattyq Rýhy