Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
АГРАРЛЫҚ САЛАҒА СЕРПІН БЕРДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты халыққа Үндеуін қоғамымызды толғандырған өзекті мәселелерге арнап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды және әлеуметтік реформаларды уақыт талабына сай жүзеге асыруды ұсынды. Құжатта эконо­микалық өркендеуге ерекше назар аударылған. Үндеудің әрбір бастамасы нақты талап, айқын міндет жүктейді. Әсіресе, төртінші бастамасында бәсекеге қабілетті болудың жолы көрсетілген.

“Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады”, – деді Президент. Жаһандық тендецияда елдердің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпкерліктің дамуымен өлшенеді. Себебі, экономиканың қозғаушы күші – шағын және орта бизнес. Бүгінде дамыған елдерде ірі кәсіпорындардың орнын уақыт ағымына тез бейімделе алатын шағын және орта бизнес субъектілері алмастыра бастаған. Мемлекет басшысы осындай кәсіпорындардың үлесін арттыру қажеттігін атап айтты. Қазақстандықтарға берілетін шағын несие көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтіліп, мемлекеттік қолдаудың мөлшері 62 млрдға жетті. Нәтижесінде несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны екі есеге артып, 14 мыңға жетеді деп күтілуде.

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ы Үндеуде айтылған жобаны жүзеге асырушылардың бірі болып табылады. 2001 жылы құрылған қаржы ұйымы “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ-ы компаниялар тобының құрамына кіреді және осы жылдар ішінде Қазақстанның барлық облыстарында ауқымды жұмыстар атқарды. Компания қызметінің негізгі бағыты – несиелеу бағдарламалары арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Мәселен, 2018 жылы “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның облыстық филиалы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші компаниялардың 677 жобасын қолдап, 30,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Бөлінген қаражаттың 9 млрд. теңгесі жергілікті несиелік серіктестіктер жүйесі арқылы берілді. Нәтижесінде ондаған жоба болашаққа жолдама алып, жаңа жұмыс орындары ашылды, облыстық және аудандық бюджетке түсетін салық түсімінің мөлшері артты.

Соңғы 12 айда көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында өтініш білдірген 410 шаруашылықты қаржыландыруға 25 млрд. теңге бағытталды. Жауапты жұмысты ойдағыдай атқарып, еңбек тиімділігін арттыру үшін жоғары өнімді техниканың керектігі белгілі. Мұны жете түсінген 117 агроқұрылым біздің филиал арқылы 2,5 млрд. теңгенің несиесін ресімдеп, ескірген техникаларын жаңарту мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізген агроқұрылым басшылары 176 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Елбасы дәстүрлі Жолдауларында агроөнеркәсіп кеше­нінің әлеуетін арттыру керектігін айтады. Осы орайда ауыл шаруашылығы саласындағы басты басымдықтардың бірі болып табылатын сүт және сүт өнімдерін өндіру ісін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта облысымызда “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі, “Қызылжар сүті” ЖШС-і және “Шәймерденов” ШҚ-ы сиыр қораларының құрылысын жүргізсе, Аққайың және Тайынша аудандарында 900 басқа шақталған үш заманауи тауарлы-сүт фермасы өз жұмысын бастады. Соңғы екі жобаны жүзеге асыруға “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ы облыстық филиалы қол ұшын берді. Жеңілдетілген несие қаражаты құрылыс және қайта құру жұмыстарын жүргізуге, симменталь тұқымды сиырларды және Германия мен Нидерланды елдерінен құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалды.

Өткен жылдың соңында Тайынша ауданындағы Красная Поляна ауылында “Зеленые луга” ЖШС-нің 400 сауын сиырға арналған тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді. Жалпы құны 815 млн. теңге болатын кешеннің құрылысына қажетті 300 млн. теңге “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ы облыстық филиалы арқылы қаржыландырылды. Сүт кешені Италия, Израиль және Ресейдің соңғы үлгідегі қондырғыларымен жабдықталып, 320 бас голштино-фриз тұқымды сиыр сатып алынды. Тағы бір тауарлы-сүт фермасы Аққайың ауданындағы Рублевка ауылында салынды. Бұл жерде “Иван Зенченко” ЖШС-і заманауи кешен тұрғызып, Германиядан симменталь тұқымды сиырлар сатып алды. Заманауи кешенді қаржыландыруға корпорация филиалының 600 млн. теңгесі бағытталған болатын.

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жасалған жылдық жоспарымыз толықтай орындалды. Атап айтқанда, былтыр жерлестеріміздің 79 жобасы 512 млн. теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ, 190 млн. теңгенің 41 “Startup” жобасы жүзеге асырылды. Айыртау, Аққайың және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар көш бастап тұр. Бұл шаралардың нәтижесінде облыста 102 жаңа жұмыс орны құрылды.

Төрт түліктің ішінде ірі қараны түлетуді көздейтін “Сыбаға” бағдарламасының мүмкіндігі зор. Бұл бағытта кәсібін дөңгелетіп отырған солтүстікқазақстандықтардың қатары арта түсуде. Былтыр бағдарлама аясында 925 ірі қара сатып алу көзделген еді. Бұл іс биыл да жалғасын табады.

Осылайша, біздің филиал Елбасы тапсырмасына сәйкес қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесі арқылы өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға ықпал етуде.

Алмат ҚОЖАХМЕТОВ,