Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Инвестор іздейміз

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкенттегі филиалы мына нысандарға инвестор іздейді:

1. Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан жылыжай шаруашылығы. Аумағы 9 га. Жылыжайдың қабырғасы поликарбонаттан, төбесі берік полиэтилен пленкадан жасалған. Қияр мен қызанақты өсіру циклі - жылына 2 рет.

Қияр мен қызанақ тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған арнайы төсеніштерге отырғызылады.

Жылыжай кешені орталықтан компьютер арқылы басқарылады.

Жылыжай шаруашылығы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: жеке құдығы, 6 пеші, отын қоры, 3 МВт қосалқы станциясы, шаруашылық ғимараты және қоймасы бар.

2. Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан жылыжай кешені. Аумағы 3,2 га. Жылыжайдың қабырғасы поликарбонаттан, төбесі берік полиэтилен пленкадан жасалған. «GLOBAL GH» компаниясының құрал- жабдықтары мен технологиясы қондырылған. Қияр мен қызанақты өсіру циклі - жылына 2 рет.

Қияр мен қызанақ тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған арнайы төсеніштерге отырғызылады.

Жылыжай шаруашылығы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: газ жүргізілген, жеке құдығы, трансформатор мен электр желілері, шаруашылық ғимараты және қоймасы бар.

3. Түркістан облысының Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан жылыжай кешені. Аумағы 3 га. Жылыжайдың қабырғасы поликарбонаттан, төбесі берік полиэтилен пленкадан жасалған. Қияр мен қызанақты өсіру циклі - жылына 2 рет.

Қияр мен қызанақ тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған арнайы төсеніштерге отырғызылады.

Жылыжай шаруашылығы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: газ жүргізілген, жеке құдығы, трансформатор мен электр желілері, шаруашылық ғимараты және қоймасы бар.

Анықтама телефоны: 8 701 006 13 08

e-mail: info-shymkent@agrocredit.kz


chat-bgov

Кеңес ал!