Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалында ел экономикасына жаңа серпін беретін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша алқашқы жоба қаржыландырылды.

Алғашқы несиеге жылқы шаруашылығын дамытуға өтінім берген Атырау облысы Махамбет ауданының «Тама-кен» шаруа қожалығы ие болды. Қаржыландыру мөлшері – 90 млн. теңгеге жуық. Қарыз мерзімі – 7 жыл. Белгіленген төлем кестесіне сәйкес сыйақыны төлеу бір жылға, ал негізгі борышты төлеу екі жылға шегерілген. Сондай-ақ, кәсіпкерге қарызды жылына бір рет төлеу жеңілдігі берілген.

Жеңілдетілген несиенің арқасында кәсіпкер Арман Далбаев 251 жылқы басын сатып алып, өзінің жеке бизнесін жүргізетін болады. Осылайша, облыс нарығын жылқы етімен қамтамасыз ету жоспары құрылған. Шаруа 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығымен, оның ішінде етті бағыттағы ірі қара мал, түйе және жылқы өсірумен айналысып келеді.

Анықтама үшін: Корпорация ҚР Үкіметінің 28.06.2019 жылғы № 459 Қаулысымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының операторлары қатарына қосылды.

Қазіргі таңда Корпорацияға Қазақстанның барлық аумақтарынан 180 жобаны қаржыландыруға өтінім келіп түсті. Оның ішінде 13 жоба мақұлданып, барлық құжаттар дайындалуда.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

Моб: +77073708847

тел: (7172) 55 99 16