Дидар Ізғалиеваның мамандығы аспаз. Алайда қазір мүлде жаңа салаға бет бұрған. Былтыр күзде талайдан бері армандап жүрген өзінің жеке кәсібін ашты. Қазір кіндік қаны тамған жері - Орал қаласындағы бір азық-түлік дүкенінің иесі. Бұрын-соңды бизнес жасап көрмеген кәсіпкерге дүкен ашу оңайға соқпады. Қаржы жетпегесін Аграрлық несие корпорациясына жүгініп, жеңілдетілген несиеге дүкен сатып алып, ішін тауарға толтырыпты. Отбасылық жеке кәсіп ашқанына санаулы ай болса да, табысы едәуір артқан. Аграрлық несие корпорациясы агробизнеспен қатар, ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін де қаржыландырады. Қаржы институтының несиелеу бағдарламасы мен филиалдардың мекен-жайын www.agrocredit.kz сайтынан білуге болады.