Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Күніне сегіз мың кірпіш
Қазақстан нарығы үшін сплиттерлі блок таңсық емес. Қазір екінің бірі үйінің сыртын осы кірпішпен қаптайды. Әсіресе, жер үйді көптеп салатын Алматы сынды ірі қалада бұл өнімнің қаны жерге тамбайды. Нарықтың дәл осы сегментін тап басқан жанның бірі алматылық Рустам Аталиев 4 жылдан бері сплиттерлі блок пен кеспе тас өндірумен айналысады. Алайда күніне 4 мың кірпіш мегаполиске аздық еткесін мемлекеттің жеңілдетілген несиесіне арқа сүйепті.

«2021 жылы Аграрлық несие корпорациясынан 18 млн теңге жеңілдетілген несие рәсімдедік. Бұл қаржыға қосымша станок пен құм, цемент т.б. шикізат сатып алдық. Соның арқасында зауыттағы өнімділік 2 есе артты. Бұрын тәулігіне 4 мың кірпіш құйсақ, қазір 8 мыңға жетті. Несие тиімді екен, бірінші рет алдым, пайызы төмен. Еңбек етемін деген адамға бұл үлкен қолдау. Зауыт қаланың Алатау ауданында орналасқан», - дейді «R Production» ЖК басшысы Р.Аталиев.

Мамандығы бағдарламашы, бірақ қазір құрылыс материалдарын өндірушіге айналған кәсіпкер Рустам Аталиев зауыт ашпас бұрын нарықты әбден зерттеген екен. Қазір ішкі нарыққа азды-көпті танылған өндіріс жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейді. Мұнда 10 адам нәпақасын айырып жүр. Алдағы уақытта кәсіп иесі қарызды толық жапқан соң тағы да корпорациядан жеңілдетілген несие алып, өндірістің ауқымын кеңейтпек. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.