Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Күріш ақтауды жолға қойған кәсіпкер

Бұл Қызылордада орналасқан «Әлментаев Н» жеке кәсіпкерлігінің күріш ақтайтын зауыты. 2013 жылы құрылған қожалық Сыр өңіріндегі күріш өндіруші кәсіпорынның бірі. 2018 жылы 1 га жерді жалға алып зауыт салған кәсіпкер Нұржан Әлментаев кейінірек сол жерді сатып алады. Алайда күріш ақтайтын құрал-жабдық орнату үшін Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. 

«Бұрын әкем Серікбай күріш зауытында жұмыс істеген. Сосын біз де осы саланы қолға алуды ұйғардық. Корпорациядан 2021 жылы жеңілдетілген несие алып, күріш ақтауға қажетті құрылғы алдық. Қазір осы қытайлық желінің қуаты күніне 30 тонна күріш ақтау. Негізінен лидер сортын ақтап отырмыз», - дейді жеке кәсіпкер Нұржан Әлментаев.

Әзірге, зауыт өнімі ішкі нарыққа сатылып жатыр. Кәсіпорында 10 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта агрокәсіпорын басшысы шикізат болса, толық қуатына шықпақ. Бұл үшін кәсіпкерде шикізатты жеткізу, өңдеу, дайын өнімді сақтау сынды түрлі мүмкіндік жеткілікті. Ең бастысы, Аграрлық несие корпорациясы сынды сенімді қаржылық одағы бар. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

Сурет: total.kz