«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз оқырмандарын қызметкерлердің 2022 жылдың 4-ші тоқсанындағы жеке және мансаптық жетістіктері, кадрлық резервтегі ауыс-түйістер, өзгерістер туралы хабарлайды. Тәжібаев Бауыржан Ермекұлы Жамбыл облысы бойынша филиалдың бөлім басшысы қызметінен Жамбыл облысы бойынша филиал директорының мониторинг жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Бекмағамбетов Ілияс Қазбекұлы қаржы институттары мен несие серіктестіктерін қаржыландыру департаментінің менеджері қызметінен Ұлытау облысы бойынша филиал директоры қызметіне ауыстырылды. Керімбаева Жадыра Абайқызы тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі басшысы қызметінен тәуекел менеджменті департаменті директоры қызметіне ауыстырылды. Югай Евгений Адреевич тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі менеджері қызметінен тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі басшысы қызметіне ауыстырылды. Салтанат Мұратханқызы кредиттерді әкімшілендіру департаменті субсидиялау бөлімі менеджері қызметінен Ұлытау облысы бойынша филиалы әкімшілендіру секторының жетекшісі қызметіне ауыстырылды. Сәбитов Мейрам Шоқтайұлы Ақмола облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің бас маманы қызметінен Ұлытау облысы бойынша филиал директорының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Мақұлбаев Ернұр Айтқалиұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы проблемалық кредиттермен жұмыс секторының бас маманы қызметінен филиалдың проблемалық кредиттермен жұмыс секторының жетекшісі қызметіне ауыстырылды. Салманов Ерлан Раушанбекұлы Қызылорда облысы бойынша филиал заңгері қызметінен филиалдың заң бөлім басшысы қызметіне ауыстырылды. Мұхамадиев Дулат Біржанұлы Жетісу облысы бойынша филиалы несиелеу бөлімінің бас маманы қызметінен Жетісу облысы бойынша филиал директорының несиелеу жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Имашев Әлібек Қойшыбайұлы Жамбыл облысы бойынша филиалы несиелеу бөлімінің бас маманы қызметінен Түркістан облысы бойынша филиалы директорының несиелеу жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Мұхитбеков Алдияр Михаилұлы тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі менеджері қызметінен Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының несиелеу жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Жиенгелдинов Ержан Рақымбекұлы Жетісу облысы бойынша филиал заңгері қызметінен филиалдың заң бөлім басшысы қызметіне ауыстырылды. Шаумекенов Сәрсенбай Сатыболдыұлы Ақмола облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің басшысы қызметінен филиал директорының мониторинг жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Лунёв Николай Владимирович Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалдың мониторинг бөлімінің бас маманы қызметінен филиалдың мониторинг бөлімінің басшысы қызметіне ауыстырылды. Әріптестерімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз! Жұмыста табыс тілейміз. Сондай-ақ, 2022 жылдың төртінші тоқсанында Қоғам қызметкерлерінің отбасы құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Осылайша, 1 қызметкер отау құрып, отбасын құрды, 24 қызметкер балалы болды. Осыған байланысты аталған қызметкерлерге ішкі нормативтік құжат талаптарына сәйкес, олардың өтініштері бойынша Қоғам тарапынан материалдық көмек көрсетілді.