Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Картобын тамшылатып суарған фермер

Маркетингтік зерттеулер азық-түліктің ішінде картоптың орыны бөлек екенін көрсетіп отыр. Елімізде картоп тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда жылына 120-130 келіден айналады. Нарықтың осы сегментін тап басқан агроқұрылымның бірі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында. «Life-Акtiv» ЖШС дәнді-дақылдар, көкөніс өсірумен айналысады. Аграрлық несие корпорациясынан жыл сайын көктемгі егіс және күзгі жиын-терін науқанына деп жеңілдетілген несие алады.

«2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін бірнеше рет Аграрлық несие корпорациясынан несие алдық. Пайыздық үстемесі өзге қаржы ұйымдарына қарағанда әлдеқайда төмен. Біз сияқты шаруаларға өте ыңғайлы. Негізінен көктемгі егін салуға, жанар-жағармай, тыңайтқыш сатып алу үшін осы корпорацияның көмегіне сүйенеміз. Олардағы «бір терезе» қағидасы бойынша құжат жинау тәртібі, көрсетілген қызмет сапасы көңілімізден шығады», - дейді серіктестік басшысы Сергей Епатько.

Қазір шаруашылық 450 гектарға картоп, 6 мың гектардан астам жерге дәнді-дақылдар мен көкөніс егеді. Соңғы жылдары тамшылатып суару технологиясын қолданысқа енгізген. Биыл өңірде қатты қуаңшылық болды. Дегенмен заманауи суару агрегаттарының көмегімен қожалық тығырықтан шыға білді. Картоптың әр гектарынан 30-35 тонна, ал бидай алқабының бір гектарынан 10 центнерге дейін өнім жинауда.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламалары мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.