Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Бизнес идея тауып - қуырды қытырлақ тауық

Елорда тұрғыны Дінмұхаммед Құлынтаев еңбек жолын тез әрі кең қолданылатын тағамның бірі – фастфудтан бастапты. Табысты кәсіпті жетік меңгерген маман енді өзі де қоғамдық тамақтану орнын ашпаққа бел буған екен. Ақыры, ойлана келе 30 жастағы кәсіпкер астана халқы арасында танылған қытырлақ тауық пісіріп сатуды жөн көріпті. Алайда шағын кәсіптің өзіне біраз қаржы қажет қой. Сөйтіп ол Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. 

«2021 жылы Аграрлық несие корпорациясынан 14 млн теңге несие алдым. Жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алуға болатынын білдім. Қажетті құжаттарды жинадым, аса қиын емес екен. 13 млн теңгеге киоск пен құрал-жабдық сатып алдым. 1 млн теңге айналым қаражатын толтыруға кетті. Аграрлық несие корпорациясына рахмет айтамын», - дейді «Құлынтаев» ЖК басшысы. 

2022 жылдың ақпан айында техникалық тұрғыдан іске қосылып, тұтынушыларды дәмді өнімімен тәнті еткен. Ал қытырлақ тауық пісіретін «Аi ai ai chicken» жылдам тамақтану сауда желісінің алғашқы нүктесі ресми түрде шілде айының соңында ашылды. Алдағы уақытта кәсіпкер бас қаладан екінші ірі нүктесін ашпақшы. Айтпақшы, табысты бұл бизнес түрінің бірнеше қалада франшиза бойынша ашылған желілері бар.


chat-bgov

Кеңес ал!