Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Бөбек» ШҚ Корпорациядан «Даму» қорының кепілдігімен несие алды

Ақтөбе облысындағы «Бөбек» шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігімен несие алды.

54 млн теңге несие қаржысы «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілді. Шаруа қожалығының басшысы Ерлан Жантілеуовтің айтуынша, кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдендіру мүмкіндігі фермерлерге алғаш рет беріліп отыр.  

«Кең дала 2» - бұл қосымша 300 млрд теңге бөлінген Аграрлық несие корпорациясының жаңа бағдарламасы. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде бекітілді.

Кепіл мүлкі жетпейтін фермерлерге қарыз сомасының 85%-на дейін «Даму» қорының кепілдігі беріледі. Несие сомасы 1,5 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте өтінім алдымен Аграрлық несие корпорациясына беріледі. Бұдан кейін Корпорация кепілдендіру үшін өтінімді Қорға өзі жолдайды.

Көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарына қажет қаржыны Аграрлық несие корпорациясының филиалдары мен кредиттік серіктестіктер арқылы алуға болады.