Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауылдағы кәсіпкерлік дамуда

Павлодар облысының Железин ауылында тұратын Зүлфия Омарова кәсіпкерліктің қыр-сырын әбден меңгерген. 2000 жылдан бері саудамен айналысады, жеке дүкені бар. Алайда кәсібін кеңейту үшін қосымша қаражат керек еді. Сөйтіп былтыр Аграрлық несие корпорациясынан алған 6 млн теңге несиеге  жаңадан заттар әкеліп, тауар түрін көбейткен. Қазір өзі кәсіпкер, өзі сатушы. 

«Несие өте тиімді, пайызы төмен. Аграрлық несие корпорациясының қаржысына корпустық жиһаз, перде, әйелдер киімін әкелдім. Ерекше айта кететін жайт, бұған дейін Железин ауылында перде сататын дүкен мен оны тігетін ателье болмаған, алғаш болып біз аштық. Қазір кәсібім ақырындап келеді», - дейді мамандығы тауартанушы кәсіпкер. 

Енді ауыл халқына перде үшін 180 км жердегі Павлодар қаласына сабылудың қажеті жоқ. Бағасы сапасына сай өнім жеткілікті. Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған жоба аясында дүкенде бір жұмыс орны ашылған. «Омарова» ЖК иесі жеңілдетілген кезеңі бар тиімді несиені тағы да алмақ. Қарызды жапқан соң алатын сол несиеге тағы да дүкендегі тауар түрлерін көбейтуге жұмсауды жоспарға енгізген.