Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Маңғыстаулық әйел мемлекеттің қолдауымен көлік жөндеу орталығын ашты

Мемлекеттің қолдауымен техникалық қызмет көрсету станциясын және көлік жуу орнын ашуға болады. Мұндай мүмкіндік Аграрлық несие корпорациясы іске асырып жатқан шағын кәсіпкерлікті несиелендіруге бағытталған "Іскер" бағдарламасы аясында қарастырылған.

Бейнеу ауданының тұрғыны Әселхан Бекбосынова "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Маңғыстау филиалында жеңілдетілген несие алып, көлікті жөндейтін және жуатын орын ашты.

"Шағын дүкеніміз бар еді. Жанындағы бос жатқан жерден техникалық қызмет көрсету станциясы ашамыз деп шештік. Нысанды тұрғызғанымен, құрал-жабдық сатып алатын ақшамыз болмады. Қаржы көзін іздеп жүріп, «Іскер» несие бағдарламасы туралы білдік. Аз уақытта құжат жинап, Аграрлық несие корпорациясына несие алуға өтініш бердік. Несиеміз 15 күнде мақұлданды. Бұл қаражатқа 2 көлік жуу аппаратын, шаңсорғыш, көлікті жоғары көтеретін қондырғы, доңғалақ жөндеуге қажетті керек-жарақ сатып алдық», - дейді жеке кәсіпкер Әселхан Бекбосынова.

Кәсіпкер несиені 5 жылға 6 пайызбен алған. Бірінші төлемді бір жыл сегіз айдан кейін төлейді. Әселхан несие каникулы аяқталғанша кәсібі өркендейтініне сенімді. Орталықтың ашылғанына аз уақыт болса да, көлігін жөндетуге немесе жууға келетіндер қатары күн санап көбейіп жатыр.

Біздің жаңалықтарымызды @agrocreditkz телеграм-арнасынан да оқуға болады.   

Анықтама:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.