Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жастарға шағын несие беру: онлайн-өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Аграрлық несие корпорациясы жастарға шағын несие беру бойынша онлайн өтінім қабылдау жұмыстарын жалғастыруда. Жүйе үйден шықпай-ақ бағдарламаның шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Өтінімдерді қабылдау процесі цифрландырылған. Мәселені жылдам шешу үшін шағын несие алуға өтінімдерді онлайн қабылдау жүйесі әзірленді.

Бағдарламаның шарттары мен талаптарына сәйкестігін талдау несие алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы жүргізіледі. Жүйе мемлекеттік органдардың дерекқорларынан барлық ақпаратты тексереді. Кепіл мүлкін алдын-ала бағалау да онлайн режимде іске асырылады.

Бағдарламаның шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру үшін өтінім беру процесі 10 минутқа дейін қысқартылды. Ол үшін agronesie.kz. платформасына тіркелу қажет. Осыдан кейін жеке кабинетке кіріп ЖСН, телефон нөмірі немесе электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы деректерді өңдеу келісіміне қол қою керек. Осылайша өтінімді онлайн беруге болады.

Бағдарламаның шарттары мен талаптарына сәйкес келген жағдайда жүйе тиісті хабарлама мен қажетті құжаттардың тізімін береді.

Осыдан кейін бағдарламаға қатысушы құжаттарын алып Корпорация филиалына барады.

Егер қандай да бір себептермен клиент бағдарламаның шарттары мен талаптарына сәйкес келмесе (банктер немесе басқа қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен берешек, салықтар, несие тарихының дұрыс болмауы, әлеуетті қарыз алушының жасы 35 жастан асқан болса және т.б.), филиалға барудың қажеті жоқ.

«Бизнес-процестерді оңтайландыру корпорация қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Өтінімді қабылдаудың электрондық форматы адами факторды барынша азайтады. Сонымен қатар, сұралатын құжаттар саны да азайды. Несиеге өтінімді онлайн беру процесі бағдарлама қатысушысының 10 минут уақытын ғана алады».

Қосымша ақпаратты www.agrocredit.kz сайтынан немесе call-орталықтың 5353 телефон нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.