Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысындағы АКК жобаларын аралады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландыратын бірқатар нысандарды аралады.

Ауыл шаруашылығы министрі бастаған делегацияның Түркістан облысына сапарының мақсаты – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру. Сондай-ақ сапар барысында «Агроэкспорт» несиелендіру бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландыратын бірқатар нысандарды аралады.

Соңғы 2 жылда «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша Корпорацияның қаржыландыруы арқылы 9 ірі жоба жүзеге асырылды. Оның 5-і өндірістік жылыжай кешендері: «AL-maida&Saray sakhiy» ЖШС; «Alt Company INVEST» ЖШС; «Баракат» ҚХ; АЖ «Шындаулетов»; «TRADE AGRO INVEST» ЖШС. Кешендердің жалпы қуаттылығы жылына 5 мың тоннадан астам көкөністерді құрайды, жалпы ауданы 11,3 га. Жылыжайларды ашудың арқасында 177 жұмыс орны ашылды.

Анықтама үшін: «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге 50 млн теңге сомасында интенсивті бақтарды құру және дамыту үшін жеңілдікті қаржыландыру қарастырылған. Бұл бағдарлама тартылған бюджет қаражаты мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын пайдалана отырып, жеңілдікті жағдайлардың арқасында жүзеге асырылуда, осылайша сыйақы мөлшерлемесі жылына 8 пайызды құрайды. Фермер тікелей Корпорациядан, немесе несие серіктестігінен, екінші деңгейлі банктен немесе лизингтік компаниядан 8 пайызбен (негізгі капиталды сатып алу үшін), 11,28 пайызбен (айналым қаражатын толықтыру үшін) несие ала алады. Несиелеу қарқынды алма және шие бақтарын құру және дамыту, жеміс сақтау қоймалары мен экспорттық әлеуеті бар қайта өңдеу кәсіпорындарын салу бағытында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ 106 га аумақта «Қазығұрт бақтары» СПК интенсивті алма бағын құру да қаржыландырылды. Жобаның іске қосылуы келесі жылдың қазан айында өтеді. Жоспарланған қуаттылығы – жылына 4240 тонна алма. 51 жұмыс орны.

Корпорация «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС алма шырынын өндіруге арналған жабдықты сатып алуды қаржыландырды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап учаскеде 15 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның қуаттылығы – жылына 500 тонна өнім.

Интенсивті бау-бақша мен жидек алқаптарын қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жеміс-жидек өнімдерінің экспорттық әлеуеті бүгінде өте жоғары. Бұл сегментте мемлекет пен жеке бизнестің күш-жігерін біріктіру жылдан жылға оң динамика көрсетіп отыр.

Сәтті жобалардың бірі – ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру өндірісін қаржыландыру. Онда тракторлар шығару бойынша инвестициялық жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру қарастырылған. Жобаның бірінші кезеңі өндірістік, әкімшілік және қызмет көрсету ғимараттарын салуға және шағын агрегатты тракторларды құрастыруға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталған.

Бүгінгі таңда әлемге әйгілі автомобиль брендтерінің бірімен 150 көлік жинағын импорттау туралы келісімге қол қойылды. Алдағы уақытта трактор шығаратын «Kaz Kioti» зауытында шетелдік үлгідегідей 150 трактор құрастырылады.