Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жаңа зауыт - жаңа мүмкіндік

Қызылорда облысының Сырдария ауданы – өңірдегі ең күрішті әрі оны өсіруге ең қолайлы аймақ. Ақ маржанды елден бұрын егетін де, алғаш болып теретін де осы аудан диқандары. Жер жағдайын ұтымды пайдаланған «Ақжарма-1» фермерлік шаруашылығы өздері еккен қара күрішті тазалап, ақтауға бел буады. Бірақ заманауи кешеннің бағасы арзан емес. 2020 жылы Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы арқылы күрішті түрлі қоспадан тазартатын сепаратор сатып алған.

«Қара күрішті тазалайтын құрылғы бұрын бізде болған. Бірақ оның жұмысы көп еді. Қазір заманауи мына дірілді-елеуіш бұл сепаратор қол еңбегін жеңілдетті. Бұған қоса, Аграрлық несие корпорациясының қаржысына біз күніне 50 тонна күріш ақтайтын күріш зауыт сатып алдық. Негізі өзімізде шағын цех болған, бірақ жаңа зауытқа арнайы ғимарат салдық. Түрлі келідегі күріш шығарамыз. Дайын өнімді клиенттер өздері келіп алып кетеді», - дейді қожалық  басшысы Шакизамен Айтанов. 

Бұл зауыттың бой көтеруі қожалықты тың қырынан танытты. Жыл сайын 2 мың гектар жерге 3 түрлі күріш сортын егетін шаруашылық тағы да өзінің сенімді инвестодағы – Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. Осылайша, өзінің өндірістік қуатын арттырмақ. Бұған толық мүмкіндік бар, зауыт ашылғасын жұмысшы саны 7 адамға өскен. Фермердің биылғы жылдан үміті мол, болжам бойынша осы жылы да гектарына 60 центнер өнім алып, оны өзінің күріш зауытында ақтамақ.