Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
2025-жылғы дәнді және майлы дақыл егістіктерін сақтандыру маусымы аяқталды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2025-жылғы дәнді және майлы дақыл егістіктерін құрғақшылықтан сақтандыру маусымы аяқталғаны туралы хабарлайды.

Биыл астық егетін өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 378 мың гектар дәнді және майлы дақыл егістіктерін сақтандырды.

Жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге 268 сақтандыру шарты жасалды, оның ішінде:

  • 80%-ын (2,1 млрд теңге) мемлекет субсидиялады;
  • 20%-ын (544 млн теңге) фермерлердің өз қаражаты есебінен төленді.

Құрғақшылықтан сақтандыру дақылдардың вегетациялық кезеңінде топырақтағы ылғал тапшылығына байланысты тәуекелдерді қамтитын екі фазалы және үш фазалы сақтандыру бағдарламалары жүзеге асырылды.

Космомониторинг деректеріне сәйкес сақтандыру кезеңі ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау және Павлодар облыстарының аумағындағы жалпы ауданы 80,4 мың гектарда құрғақшылық жағдайлары тіркелген.

Сақтандыру жағдайлары туындағанда компаниялар 456,4 млн теңге сақтандыру төлемдерін жасады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы өндірісінің тәуекелдерін төмендетуге және фермерлік қожалықтардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.


chat-bgov

Кеңес ал!