Бүгін Аграрлық несие корпорациясында «Ауыл» партиясының өкілдері – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаевпен және Ұлытау облысы мәслихатының депутаты Гүлназ Омаровамен кездесу өтті. Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру және олардың Несие серіктестіктерімен бірлесе жұмыс істеуіне қатысты мәселелер талқыланды.