Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 1,5 есе өсті

«Кең дала» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған фермерлер саны 2021 жылдан бері бір жарым есеге, ал берілген несие көлемі екі есеге артты. Қаржының басым үлесі шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) беріледі. Өтіп бара жатқан жылда қолайсыз ауа райының салдарынан егіні зардап шеккен фермерлерге ерекше көңіл бөлінді.

2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Кең дала» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайтты. 3 796 фермер жалпы сомасы 140 миллиард теңгенің несиесін алды, бағдарлама аясында 1452 жаңа ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қамтылды.

Мәселен, 2021 жылы Қазақстанның барлық өңірінен 2 636 шағын, орта және ірі кәсіпорын қаржыландырылды. Соңғы екі жылда олардың саны 144%-ға өсті. Ал шағын шаруашылық нысандарына ерекше назар аударылды. Егер 2021 жылы шағын бизнестің 2435 өкілі 38,3 млрд теңге несие алса, 2023 жылы-3530 кәсіпкерге 88,3 млрд теңге несие қаржысы берілген. Бұл сегменттің қаржыландыру сомасы 2,3 есеге ұлғайды.

Корпорация фермерлер үшін қызметтердің қолжетімділігін үнемі арттырып отырады. 2022 жылы алғаш рет көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру көлемі екі есе ұлғайып, орта мерзімді негізге ауыстырылды. Бұл фермерлердің өз өнімдеріне қолайлы баға қалыптастыруларына мүмкіндік береді.

Өтіп бара жатқан жыл ауа райының қиын жағдайларымен есте қалды. Ұзаққа созылған нөсер жаңбыр негізгі астық егетін аймақтардың өніміне кері әсерін тигізді. Жауын-шашын орташа жылдық көрсеткіштен үш есе жоғары болды.

Фермерлерге көмектесу үшін Корпорация «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын қоса есептегенде ең қысқа мерзімде 35 млрд теңгеден астам сомаға фермерлердің төлемдерін кейінге қалдыру жұмыстарын жүргізді. Бұл сома шамамен 43,5 млрд теңгені құрайды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда, екі компания бойынша 7 млрд теңгені кейінге қалдыру өтінімдері қаралуда. Айта кету керек, қайта құрылымдау жүргізілгенде өсімпұлдар мен айыппұлдар болмайды.

Болашақта Аграрлық несие корпорациясы фермерлерге егінді сақтандыруға назар аударуды ұсынады. Сонымен қатар, АӨК-дегі қолданыстағы ерікті сақтандыру жүйесі 80% мөлшерінде сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға мүмкіндік береді.

2023 жылы өсімдік шаруашылығы бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,7 млрд теңгеге артық.

Сондай-ақ борыштық жүктемені қысқарту және өсімпұлды есептеуге жол бермеу үшін 2023 жылдың қыркүйек айында Корпорация несие және қаржы лизингі шарттары бойынша ақшалай міндеттемелерді уақтылы орындамағандардың 100% мөлшерінде өсімпұлдарын есептен шығару мақсатында 5 қазан мен 15 желтоқсан аралығында біржолғы «Қарызды өсімпұлсыз өте» акциясын жариялады. Осындай акция «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Корпорация келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастады. Жаңа 2024 жылы осы мақсаттарға 140 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Аграрлық несие корпорациясы саладағы тұрақтылық пен өсімді қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығын қолдаудың негізгі ойыншысы болып қала береді. Корпорацияның 2023 жылғы табысты жетістіктері мен болашаққа бағдарланған стратегиялық жоспарлары тек фермерлерге ғана емес, жалпы қоғамға орасан зор пайдасын тигізетін үнемі жетілу мен дамуға деген ұмтылысының айғағы.