Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Екібастұздағы ерекше тігін цехі
Қайрат Қабыржанов Семейде туып-өскен, бірақ бірнеше жылдан бері Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұрады. «Қабыржанов» жеке кәсіпкерлігі ретінде тіркеліп, 2 жыл бұрын осында ерекше тігін цехін ашқан. Ерекшелігі сол, мұнда тек мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді. Кәсіп иесі өзі де осы санатқа жатады. Сол себепті дәл осындай шешім қабылдаған екен. Әу баста мемлекеттің көмегімен түрлі тігін машинасын сатып алған кәсіпкер уақыт өте келе ғимараттың керектігін түсінеді. 

«Аграрлық несие корпорациясынан 6 млн теңгедей қаржы алдым. Несие тиімді екен, бірінші рет рәсімдедім. Бұл қаржыға ғимарат сатып алдық. Бұрын өзім зағиптар қоғамындағы тігін цехінде инженер болып жұмыс істегенмін. Сол жақтан тігіншілікті үйрендім. Қазір бізде 6 адам жұмыс істейді. Тапсырыспен медициналық халат, қолғап сияқты киімдер, ұлттық нақыштағы көрпелер, қыз жасауы мен төсек-орын жабдықтарын тігеміз», - дейді Қайрат Қабыржанов.

Жеке кәсіпкер жақында атаулы кесте тігетін тағы бір тігін машинасын сатып алыпты. Енді қыз жасауы, орамал т.б. түрлі бұйымдарды кестелеп, жазу жазуға болады. Дайын өнімді сату үшін цехтің бір бөлмесінен дүкен жасап, ашып қойыпты. Қазір қолөнерді үйренуге ниетті бірлі-жарым шәкірті де жоқ емес. Бизнесменнің ендігі ойы – тігін цехін үлкейтіп, үлкен ғимаратқа көшу. Бұл мақсатқа жетуде сол баяғы өзінің сенімді қаржылық серіктесі – Аграрлық несие корпорациясының көмегіне жүгінбек.