Сіз Аграрлық несие корпорациясының клиентісіз бе, әлде енді клиент болғыңыз келіп жүр ме? Сіздерге айтар жақсы жаңалығымыз бар. Біздің команда сіздер үшін Agrocredit мобильді қосымшасын әзірледі. Енді үйде немесе жұмыста, шетелде демалыста немесе егіс алқабында болғаныңыз, бір сөзбен айтқанда қай жерде жүргеніңіз маңызды емес. Ең бастысы – сіз қолданыстағы шарттарды, қарызды өтеу кестелерін көре аласыз, шағын кредит алуға өтініш бере аласыз, несиелік берешек туралы анықтама ала аласыз, валюта бағамын тексеріп, пайдалы ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндігіңіз мол болады. Ол үшін мобильді қосымшаны AppStore-дан (PlayMarket жақында іске қосады) жүктеп алып, оған тіркелесіз, жеке кабинетіңізді ашасыз. Осылайша, біздің қосымшаның бастапқы нұсқасын игі іске пайдаланыңыз. Алдағы уақытта біздің команда бұл жүйені сіздер үшін бұдан да ыңғайлы болатындай жетілдіріп, жақсарта түседі. Аграрлық несие корпорациясы әрқашан сіздермен бірге!
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады