Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары СҚО фермерлерімен кездесті

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барды. Сапар аясында Аграрлық несие корпорациясының, ҚазАгроҚаржының, «Даму» қорының облыстағы филиалдарына және бірқатар кәсіпорынға барып, жұмыстарымен танысты.

Биыл Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы өз клиенттерін жаңа несие бағдарламаларының ашылуымен қуантты. «Кең дала 2» – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған Корпорацияның жаңа бағдарламасы. Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде бекітілді. Жеткілікті кепіл мүлкі жоқ фермерлер үшін «Даму» қорынан қарыз сомасының 85% мөлшерінде кепілдіктер беріледі. Өз кезегінде ҚазАгроҚаржы жылдық 5% жеңілдікті лизингті іске қосты. Бағдарлама отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландыруды ұсынуды көздейді. Фермерлердің өтінімдерін жедел қарыстыру үшін Аграрлық несие корпорациясы және ҚазАгроҚаржы филиалдары демалыссыз жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында өңір кәсіпорындарының жұмысымен танысу және СҚО әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетовпен кездесу өтті. Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша «Петерфельд-Агро» ЖШС мен Шаймерденов ШҚ тауарлы сүт фермаларына барды. Фермерлер мал шаруашылығымен қатар, егін де егеді. Бірінші тауарлы сүт фермасында 3875 бас, екіншісінде 900 бас сиыр бар. Екі фермер өңірдегі жүзге тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Биылғы жылы шаруашылықтар «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары бойынша қаржыландырылды.

Сондай-ақ, делегация CT Assembly ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыттың жұмысымен де танысты.