Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«КЕҢ ДАЛА 2» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жалғасып жатыр

КЕҢ ДАЛА 2 бағдарламасы бойынша көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау жалғасып жатыр!

Қаржыландыру жолдары:

  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары;
  • Кредиттік серіктестіктер;
  • Екінші деңгейлі банктер;
  • Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
  • Микроқаржы ұйымдар;
  • Өңірлік инвестициялық орталықтар.

Нысаналы мақсаты

  • Айналым қаражатын толықтыруға несие беру (көктемгі егін егу және жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін);
  • Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін келесі рет қаржыландыру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуларына аванстық кредит беру (көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін);

Сыйақы мөлшерлемесі:

  • жылдық 5%, (ЖТСМ – жылдық 5%-дан бастап)

Кепілмен қамтамасыз ету:

  • Қарыз сомасының 85%-ын «Даму» КДҚ кепілдендіреді. Қарыздың қалған бөлігі мен сыйақыны Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талабына сай фермер қамтамасыз етеді.
  • Корпорацияның кепіл саясаты талаптарына 100% сай келетін кепіл мүліктер.

«Кең дала 2» бағдарламасының шарттарымен https://agrocredit.kz/kz/main/our-activities/programs/#3167 сілтемесі арқылы таныса аласыздар.


chat-bgov

Кеңес ал!